0 дауыс
325 көрілді
Тізілімнің веб-порталында электронды сауданы жүргізу рәсімі туралы анықтап айтыңызшы?

1 жауап

0 дауыс

Аукционды жүргізу. Аукционға жіберілген конкурс қатысушылары оның басталуына дейін бір сағат ішінде аукциондың залға кіреді. Басталу уақытында аукциондық залда қатысушылардың бағалау ұсыныстары көрсетіледі, ағымдық баға құрылады, сонымен бірге қатысушыларға басқа қатысушының максималды ағымдық бағасын сатушы комиссиясы бекіткен қадамға арттыруға мүмкіндік беріледі. Аукционның басталуынан жиырма минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы максималды ағымдық бағаны үлкейтпесе, онда оны жалғастырушы қатысушы жеңімпаз деп саналады, ал берілген лот бойынша аукцион өткізілген деп есептеледі.
Егер аукциондың залда аукционның басталуынан жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі басқа қатысушының максималды ағымдық бағасын қадамға арттыру жолымен сату объектілерін алуға өзінің тілегін нақтылаған жағдайда, ағымдық баға анықталған қадамға үлкейеді.
Егер ағымдық бағаның үлкейуінен кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ағымдық бағаны үлкейту жолымен сату объектілерін алуға өз тілегін нақтыламаса, онда сату объектісін алуға өз тілегін нақтылаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал аукцион өткізілген деп есептеледі.
Егер аукционның басталу уақытында екі және одан да көп қатысушылардың бағалық ұсыныстары объектіге ең жоғары бірдей бағаны құрған және берілген ағымдық баға жиырма минут ішінде үлкеймеген жағдайда өтініші басқа өтініштерден ерте қабылданған қатысушы жеңімпаз ретінде танылады.
Тендерді жүргізу. Тендерде қатысуға өтініштер тізілімнің веб-порталында комиссия мүшелерімен қарастырылады, тендер қатысушылары анықталады.
Тізілімнің веб-порталымен тендерге жіберілген қатысушылардың бағалық ұсыныстарын автоматтық реттестіру жүргізіледі,  және сату объектісі бойынша ең жоғарғы бағаны ұсынған жеңімпаз анықталады.
Егерде тендерде екі немесе одан көп қатысушылардың бағалық ұсыныстары бірдей ең үлкен бағадан тұрған және тендер шарттарын қанағаттандырған  жағдайда басқа өтініштерге қарағанда өтініші ерте қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Нақтырақ ақпаратты тізілімнің веб-порталындағы «Ақпарат. Сауда регламенті» бөлімінде алуға болады.

...