БИН жоқ шетелдік заңды тұлғалар веб-порталда қалай тіркеледі?

0 дауыс
443 қаралым
Саудаға қатысу үшін жеке тұлғаларға – жеке индентификациялайтын нөмірін (ЖҚН), заңды тұлғаларға – бизнес- идентификациялайтын нөмірін (БИН) көрсету арқылы мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. Конкурсқа қатысқысы келетін, бірақ   БИН жоқ шетелдік заңды тұлғалар веб-порталда қалай тіркеледі?
• Санаты: Жалпы сұрақ

2 жауап

0 дауыс

Резидент емес – заңды тұлғалар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепті тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдарында шетелдік қатысуы бар кіші, орта және ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуден өтеді.
Жоғарыда аталған тіркеуді дәлелдейтін құжат ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған нысан бойынша тіркеу органымен берілетін анықтама болып табылады. Филиалдың (өкілеттіліктің) мемлекеттік тіркеу және есепті тіркеу туралы анықтамада БИН көрсетіледі.
БИНді алғаннан кейін саудаға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында тіркеу жүзеге асырылады.

0 дауыс
БИНсыз никак тіркеле алмайды. Себебі БИН ол ҚР территориясында заңды келгенін және тіркелгенін білдіретін құжат.

Ұқсас сұрақтар

127,755 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы