+1 дауыс
313 көрілді
Жекешелендірудің «екінші толқынының» объектілерін сату мемлекеттік мүлік тізілімі (www.gosreestr.kz) веб-порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. «Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы» деген не және сатудың электронды нысанының дәстүрлі «қағаздықтан» айырмашылығы қандай?

1 жауап

0 дауыс

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы – сатушылар мәліметтерінің және олармен сатылатын мемлекеттік меншік, квазимемлекеттік сектордың және мемлекеттік емес мүліктің веб-порталдағы электронды нысанындағы электронды базасына бірыңғай қосылуды сипаттайтын  www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс.
Веб-порталдың артықшылығы электронды сатуда кез-келген қалаушы оның тұрғылықты жерінен және орналасу орнынан байланыссыз қатыса алады. Сауда қатысушылары электронды сандық қолы (ЭСҚ) болған жағдайда веб-порталда өзіндік тіркеледі, қатысу үшін электронды арыз береді, онда қатысады, сонымен бірге сауда өтуі бойынша Ұтыскер ретінде сату нәтижесі туралы Хаттамаға қол қояды.
Электронды сауда жүргізу барысында сауда нәтижесіне әсер ете алатын адам факторы толығымен жойылған.

...