+1 дауыс
844 көрілді
Болашақ бағдарламасы үшін 082у мед справка, медициналық анықтама қайдан алуға болады? Қанша теңге кетеді, қалай алуға болады.

2 жауап

0 дауыс
Тұрғылықты жеріңнен поликлиникадан аласың.
0 дауыс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы № 09-3-2085 хатының негізінде Болашақ халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысушыларға № 082/у нысанды медициналық анықтама беруге жауапты медициналық ұйымдардың тізімі анықталған.

Мәселен, Алматыда медициналық анықтаманы Орталық қалалық клиникалық аурухананың емханалық бөлімінде, Астанада Ч № 3 қалалық емханада, Оңтүстік Қазақстан облысында Ч қалалық орталық емханада (Шымкент қаласы), Солтүстік Қазақстан облысында Ч № 1 қалалық емхана мен облыстық ауруханада, Павлодар облысында Ч Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухананың емханалық бөлімшесі мен № 1 қалалық емханада (Павлодар қаласы), Маңғыстау облысында Ч № 2 Ақтау облыстық ауруханасында, Қызылордада Ч № 1 қалалық емханада, Қостанайда Ч № 1 қалалық емханада, Қарағанды облысында Ч Қарағанды облыстық медициналық орталығының емханалық бөлімшесінде, Батыс Қазақстанда Ч № 1 қалалық емханада (Орал қаласы), Жамбылда Ч № 3 қалалық емханада (Тараз қаласы), Шығыс Қазақстанда Ч Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің емханалық бөлімшесінде (Өскемен қаласы), Атырау облысында Ч облыстық емхана мен № 4 қалалық емханада (Атырау қаласы), Алматы облысында Ч лАлматы көпбейінді клиникалық ауруханасының╗ емханалық бөлімшесі мен облыстық ауруханада (Талдықорған қаласы), Ақтөбеде Ч № 3 консультативтік-диагностикалық емханада, Ақмола облысында Ч қалалық емханада (Көкшетау қаласы) алуға болады.

...