+2 дауыс
557 көрілді
Қыс келіп қалды, машинаның печка дұрыс жылытпайды, білетін адамдар айтады печканың радиаторы бітелген.

Ультразвукпен тазалауға болады дейді, кім ол жайлы біледі? Істеткен болса істетуге болама? Ойларыңыз?

4 жауап

0 дауыс
Ескі автопеш болса, жаңасына ауыстырған дұрыс. Мүмкін, радиаторы бітелмеген шығар, термостаттан болады көбіне.
Термостат ауыстырдым, тез кызыйды. Сондада салкын жел.
Автошеберлерге көрсетіп ал. Қыс келді ғой )
Корсеттим сол ультразвук пен истетем.
+1 дауыс
Былтыр тура осында бір сұраққа жауап жазып едім. Менде болған ондай жағдай печка ысытпайтын тек жылы ауа шыгарып тұрады содан біреуден сұрап едім радиаторы бітеліп қалған деді ашып тазалаймын деп ең соңында тесіп алдым содан жаңасын салып едім ысыттығой
0 дауыс
Мұндай жағдайда антифриз ауыстырғанда істгенін көргем
+1 дауыс
Жалғас, егер радиаторыңның қақ басуынан болып тұрғаны анық болса оны тазалау оп-оңай. Ол машина бөлшектерін сататын жерден болмаса шаруашылық дүкендерінен "Антинакип" - деген пакеттегі порошок сатып аласың, он литрге 5 пакет жетеді. Сонан соң радиаторыңның сұйықтығын құйып алып орнына он литр кәдігімгі ыстық суға сол бес пакет порошогіңді араластырып радиаторыңа құйясың да машинаңды айдай бересің, ең бастысы су екенін, қатып қалатынын ұмытпағайсың, жазда болғанда жақсы болатын еді. Жылы гаражың болса жүдә жақсы онда машинаңды оталдырып 90 градусқа дейін қыздырып қойып отырсаң болады.Бірақ осы уақыттың бәрінде печкаң қосылулы тұрсын, болмаса онда су айналмай қалады да тазаланбайды.  Осылай жасап бір тәуліктен соң  суды тазалап төгіп тастасаң болды. Одан соң қаласаң тағы бір шелек суға кәдігімгі автомат кір жуатын порошок қосып тағы бір сағаттай шайып алсаң ішіндегі басқа да кір-қоқыстан түк қалмай тазарады. Бұл жерде бір пайдалысы матордың су көйлегі (рубашкасы) де, капоттың астындағы радиаторың да, печкаңның радиаторы да және барлық су жүретін түтіктер да тазарып шығады. Сонан соң тасоль құйдағы ұра бер.
Рахмет кору керек !  Калай болганын жазам.
...