9-жаттығу.
№1. Бір денеге 8 Н және 6 Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арашындағы бұрыш 90°. Осы екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
№2. Дене үш күштің әрекетінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6 Н-ға тең күш шығысқа қарай 60° бұрыш жасай әрекет етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты қандай?
№3.Магнит компас тілінің ұшы солтүстікке қарай бағытталған 0,02 Н күштің және шығысқа қарай бағытталған 0,04 Н күштің әрекетінен ауытқиды. компас тіліне әрекет ететін теңәрекетті күшті есептеңдер және оның орналасу бағытын анықтаңдар.
№1-есептің жауабы: 10 Н. №2-есептің жауабы: 7,9 Н. Оңтүстік батысқа қарай 19° бұрыш жасайды. №3-есептің жауабы: 0,047 Н күштің әрекетінен 63,26' солтүстік-шығыс бағыты көрсетеді.