0 дауыс
50.0k көрілді
Күз мезгилинде жапырақ неліктен сары түске ауысады?
Жапыракка сары тус беретин не нарсе ед? Атауы калай едии???

2 жауап

+2 дауыс

Міне мынадан-ақ бәрін түсінуге болады

«Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды»

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:

-          Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, – деп жалынды

-          Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та әдемімін, – деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

- Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Онсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.

Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:

-          Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.

Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:

-          Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, -  деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.

0 дауыс
Жапырақтың күзде сарғаюы суықтан хлорофилдың азаюына байланысады.Міне сондықтан

Ұқсас сұрақтар

...