0 дауыс
1.7k көрілді
Эбола вирусы қандай вирус?

 

Жазылмайтын вирус дейді сақтанып жүрейік.
Пікір, жауап жазғанда да шындыққа сүйеніп, жоқ бәлені шығармай жазайық та. Бананнан жұғады дейді деп емес, дәлелді сілтемесін көрсетейік. Өстіп-өстіп өсек туады. Халықтың сайтты жек көретіні де содан - ішінде жалған мәліметтер көп.

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Эбола вирусы

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады.Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.

Эбола белгілері

Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ.Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс боладыЕбола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.

0 дауыс
геморрагиялық ауру, СПИД сияқты болып тұр ғой, ол да маймылдардың арасында ғана болған кезінде. СПИД қоздырғышы вирус бұл да вирус.. Әуелі Алла сақтасын, вакцина табылған деп жатыр ғой, әлі сынақтан өтіп жатыр бірақ.

Ұқсас сұрақтар

...