Альмира Наурызбаева | 283 қаралды
Тәуелсіздік жылдарындағы ұрпақ мәдени ортадан айырылып, тіпті оны жоғалтып алды деп ойламайсыз ба?

1 жауап

Мәдениет саласындағы ұрпақтар сабақтастығының үзіліп, қазіргі жас ұрпақтың мәдениеттен түбегейлі ажырап қалуы туралы айтуға негіз жоқ. Әрине, өмір сүру тәсілі өзгерді, әлеуметтік байланыстың формалары өзгерді, мәдениеттің кейбір бағыттары да өзгеріске ұшырады – бұның бәрі қоғамдық сананың трансформациясының табиғи заңдылықтары, бұның бәрі айналадағы саяси және экономикалық жүйелердің өзгеруімен тікелей байланысты. Өкінішке қарай, қоғамның құндылықтар жүйесі де ықпалдың астында өзгере бастады. Жастардың этикалық, эстетикалық тәрбиесіне, балалардың шығармашылық дамуына, мәдени демалысқа көп назар аударылмай қойды. Сондай-ақ, отбасы мен оның құндылықтары мәдениетін қалыптастыру да құлдырай бастады. Меніңше, қазіргі кезде мемлекет бұған баса назар аудара бастаған сияқты. Жағдайдың жақсы жаққа түзелеріне сенімім мол.

Альмира Наурызбаева

Ұқсас сұрақтар

125,227 сұрақ
316,313 жауап
153,263 пікір
70,751 қолданушы