Тәуелсіздік жылдарындағы ұрпақ мәдени ортадан айырылып, тіпті оны жоғалтып

0 дауыс
687 қаралым
Тәуелсіздік жылдарындағы ұрпақ мәдени ортадан айырылып, тіпті оны жоғалтып алды деп ойламайсыз ба?
• Санаты: Альмира Наурызбаева | 687 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Мәдениет саласындағы ұрпақтар сабақтастығының үзіліп, қазіргі жас ұрпақтың мәдениеттен түбегейлі ажырап қалуы туралы айтуға негіз жоқ. Әрине, өмір сүру тәсілі өзгерді, әлеуметтік байланыстың формалары өзгерді, мәдениеттің кейбір бағыттары да өзгеріске ұшырады – бұның бәрі қоғамдық сананың трансформациясының табиғи заңдылықтары, бұның бәрі айналадағы саяси және экономикалық жүйелердің өзгеруімен тікелей байланысты. Өкінішке қарай, қоғамның құндылықтар жүйесі де ықпалдың астында өзгере бастады. Жастардың этикалық, эстетикалық тәрбиесіне, балалардың шығармашылық дамуына, мәдени демалысқа көп назар аударылмай қойды. Сондай-ақ, отбасы мен оның құндылықтары мәдениетін қалыптастыру да құлдырай бастады. Меніңше, қазіргі кезде мемлекет бұған баса назар аудара бастаған сияқты. Жағдайдың жақсы жаққа түзелеріне сенімім мол.

Альмира Наурызбаева

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,815 жауап
153,169 пікір
72,932 қолданушы