0 дауыс
606 көрілді
Мен бір жарнама компаниясында жұмыс істеймін. Қасымдағы әріптесім екеуміз "Больше чем мыло" - деген тіркесті екі түрлі аударып, дауласып отырмыз. Ол "Сабыннан да артық" - дейді, ал мен "Сабынға бергісіз" - деймін. Қайсымыздікі дұрыс?

4 жауап

0 дауыс

Есенқұлова Ақмарал

Әрине, сенікі дұрыс. Тұрақты тіркеске жақын слогындарды сөзбе сөз аударғаннан гөрі, тілдің ішінде бар, сол мағынаны бере алатын баламаны іздеген жөн. Ақпарат үшін Сағат Жүсіп ағамыздың орыс тіліндегі кейбір мақалдар мен қанатты сөздерді қалай аударғанын қараңыз: Из пушки по воробьям - Битке қанжар сұққандай;Грызть гранит науки - Инемен құдық қазу;Деньги не пахнут - Есектің артын жу да мал тап;Запретный плод сладок - Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады;Колосс на глиняных ногах - Ши аяқты таусоғар (алпауыт);Медвежья услуга - Артық қыламын деп тыртық қылу;Козел отпущения - Еркек тоқты құрбандық;Отделить зерна от плевел - Күрішті күрмектен ажырату;Отделить котлеты от мух - Етті бір бөлек, құртты бір бөлек;Посыпать голову пеплом - Қос құлақты бітеп алу;Плясать под чужую дудку - Біреудің қуыршағы болу;От великого до смешного один шаг - Зор болу мен қор болудың арасы бір-ақ тұтам;Рукописи не горят - Хатқа түскен жазу отқа жанбайды;С глаз долой - из сердца вон - Көзімнен таса -. көңілімнен тыс; Көзден кетсе, көңілден кетеді;А воз и ныне там (Каким ты был, таким ты остался) - Баяғы жартас, сол жартас; Таз қалпы;Зуб за зуб, око за око - Қанға қан, жанға жан;Из мухи делать слона - Түймені түйедей қылу;Книга (тайна) за семью печатями - Жеті қабат сандықтың түбі; Жеті қабат жер астында;О мертвых или хорошо или ничего - Өлгеннің жаманы жоқ, жаман деуге амалың жоқ; Өлгенді қадірлемесең де, жәбірлеме;Шкура неубитого медведя - Қашпаған қашардың уызы;Нет худа без добра - Жаманды айтпай жақсы жоқ;Взялся за гуж - не говори, что не дюж - Шешінген судан тайынбайды;В здоровом теле здоровый дух - Жаны саудың тәні сау;У семи нянек дитя без глазу - Қойшы көп болса, қой арам өледі; Қатын көп болса, қазанды ит жалайды;Клин клином вышибают - Уды у қайтарады; Батқан өгізді, өгіз шығарады;Сердцу не прикажешь - Журекке әмір жүрмейді;Куй железо пока горячо - Темірді қызған кезде соқ;Не все то золото, что блестит - Жылтырағанның бәрі алтын емес;В ногах правды нет - Ақиқатты асығып айтпайды;С миру по нитке - голому рубаха - Көп түкірсе көл болар;Ложка дегтя портит бочку меда - Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;Кто старое помянет, тому глаз вон - Ескі өкпені еске алғанның, есі ауыссын;Или грудь в крестах или голова в кустах - Нартәуекел! Тіктім басты, не зор болайын, бола алмасам, қор болайын!На миру и смерть красна - Топ алдында жан беру де абырой; Көппен көрген ұлы той;Не лез поперед батьки в пекло - Атаңнан бұрын тозаққа жүгірме;Голь на выдумки хитра - Жаны қысылғанның тәсілі көп;Дуракам закон не писан - Ақымаққа арнап заң жазылмаған;Жизнь прожить - не поле перейти - Сүрген өміріңді, жүрген жолыңмен өлшеме;Кто к нам с мечом придет - погибнет от меча! - Бізге семсерін суырып келгеннің ажалы семсерден болады!Красота - это страшная сила! - Сұлулықты жеңер күш жоқ!Abai.kz
 

0 дауыс
сіздікі дұрыс! Жаныныздағы әріптесініз тура мағынада аударып тұр, ал сіз мағынаға сай келетіндей аударып тұрсыз
0 дауыс
Иә, өзіңіздікі әдемі естіледі.
+1 дауыс
Маған сіздің әріптесіңіздің аудармасы ұнады. Себебі, қарапайым тілмен түсінікті аударылған екен. "Сабынға бергісіз" деген сөз, жалпы "бергісіз" деген пафос сөз көп қолданыста емес деп ойлаймын, сондықтан бұл жерде көпшілікке түсінікті және қарапайым аударма болғаны дұрыс шығар.
...