0 дауыс
"Врач терапевт" аудармасының дұрыс нұсқасы қалай, қай ережені басшылыққа алған жөн, бірде "дәрігер терапевт" десе, бірде "терапевт дәрігер" дейді.
22.10.2014 2.8k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Құлманов Сәрсен

«Терапевт дәрігер» деп аударған дұрыс. Себебі қазақ тілінде анықтауыш сөз анықталушы сөздің алдында тұрады. Орыс тілінде «телефон-автомат» деген сөз қазақ тіліне «автомат телефон» деп аударылады, сол сияқты «член-корреспондент» - «корреспондент мүше» және т.б.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

22.10.2014
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы