Өзіңізден бастаңыз. Адамның әрекеті, сана-сезімі мен көзқарасы жұқпалы болады. Егер жаныңыздағы адам қандай болсын деп күтсеңіз, өзіңіз сондай болыңыз, аққа құдай жақ, көп кешікпей ол адам да ойыңыздағы қасиетке ие болады! Тек, сөзбен түсіндіріп не күштей көрмеңіз, одан түк шықпайды. Іспен, әрекетпен үлгі болу керек!