0 дауыс
293 көрілді
Бір мезгілде бірнеше адамның басына бір идея келуі мүмкін. Ол адамдар бір мекенде, бір белдеуде болмаса, олардың бастарына бірдей ой келуі мүмкін. Идеяның ұқсастығы осындайда болып жатады. Бұл қалай түсіндіріледі?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұлылардың біреуі идеялар аспанда қалқып жүреді, кейбіреулер соны іріктеп алып, қоғамға ұсынады деген еді. Бұл жерде ешқандай жұмбақ жоқ: адамның бәрі бір мәдени және ақпараттық кеңістікте өмір сүреді, ортақ білім беру жүйесінде өзіне қажетті білімге, таным жолына, құндылықтарға қол жеткізеді. Әр дәуірдің барысында міндетті түрде білімнің бір парадигмасы басты планға шығады. Осының бәрі, түптеп келгенде, бір идеяның бірнеше баста туа бастайды.

Альмира Наурызбаева

Ұқсас сұрақтар

...