0 дауыс
331 көрілді
Кезінде сіздің редакторлығыңызбен "Шахар" журналы шығып бастап жабылған еді. Жабылуға не себеп болды?

Бүгінде интеллектуалды басылым шығару, не интеллектуалды сайт ашып жүргізу жоспарыңызда жоқ па?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1993 жылы шығарылған журналдың әлі есіңізде екеніне көп рахмет айтқым келеді. Ол журналдың пайда болу тарихи ұзақ әңгіме, және ол менімен бірге шығарған редактор Николай Скалон екеуміздің азаматтық ерлігіміз деп есептеймін. Оның жабылу себебі 90-жылдары ешкімнің мәдениет туралы естігісі де, оқығысы да келмеді. Біздің демеушіміз, Қайрат Шахаров мырза, бар тәуекелді өз мойнына алып, журналдың 2 номерін шығаруға қаржылай көмектесті. Оған алғысымыз шексіз. Бірақ, оның бизнесі сәтсіздіктерге ұшырап, қаржыландыру тоқтап қалды. Демей қоятын өзге ешкім табылмады. Журналға өз материалдарын жазып тұрған авторларға да алғыс айтқым келеді. Себебі, олардың бәрі ақысыз әрі шын ниетпен жазылған материалдар еді. Журнал энтуазмның арқасында шықты. Егер менің қазір ондай мүмкіндігім болса, қазір де ол журналды қайта шығарудан бас тартпас едім.

Альмира Наурызбаева

...