+2 дауыс
14.8k көрілді
Менiң насвай атып жүргенiме 1-жылдан асты, бара-бара әлсiздiк сезiнедi иммунитетте, есте сақтау қабiлетте нашарлап бара жатқан сияқты. Тастамасам болмайтынға ұқсайды бiрақ оны тастау ғашық болған қызыңды тастап кетуден де артық болып тұр. Осы мәселеге байланысты жауаптарыңыз барма? Фууу насвай деген сөздер, жаман ғой деген насихаттарыңыз керек емес. Нақты мотивациялық жауаптарыңыз болса жазыңыздар, болмаса жауапсыз тұра берсiн. Рахмет.
Өзім насыбай атпағандықтан, беретін әсерін де, қалай тастау керектігін де білмейді екенмін, білсем жауап берер едім.
@Бауыржан Ю негiзi мен қатесiз жазатын сияқты едiм да!
Насвай деп мен жазбаған шығармын, Freedom!
өңдегеннен кейін ілмекті де дұрыстай салу керек!
Сонымен тастадың ба насыбайды? Админнің кеңесі жақсы екен

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия насыбай ату жақсы нәрсе емес. Мен өз өмірімде көрген жағдайды айтып берейін.

Менің группаласым болатын. Насыбай атып жүргендіктен үнемі еріндері жарылып, тістері сарғайып, аузынан жағымсыз иіс шығып жүретін. Насыбайды үнемі атып жүргеніктен, әбден әдетке айналған. Қолы бос болса болды насыбай атып отырады. Студент болған соң да көпке дейін ол әдетін тастай алмай жүрді. Группалас қыздар да ескертіп айтатын.

Бір күні группаласым қалтасына көптеп барбарит конфеттерін салып алып, соны ерекке айналдырды. Насыбай атқысы келсе аузына тір конфетті тығып жіберіп, жүре беретін. 2-3 апта өткен соң өзі қалай қойып кеткенін де байқамай қалды. Яғни жағымсыз әдетті тыйудың жолы, оның орнын басатын ермек тауып алу.

Темекіні тастау үшін бір группаласым, сникерс, школадтар жеп жүріп ол жағымсыз, денаулыққа кері әсер ететін ерсі қылықтан арылды. Ең тиімді жолы оның орнын басатын әдет тауып алу.
Әдет таптым ТЕ МЕ КI деген бар екен ғой...
+2 дауыс
Ертеде көшпелі қазақтарда рак (қатерлі ісік) ауруы жиі кездескен, ол кезде рак екенін білмеген "жаман аурудан өлді" деп қоя салған, соның ең бірінші себебі көшпелі халықтың арасында тараған осы насывай. Иммунитетін төмен болса рактан тірі қалуын екі талай. Миллярдтаған ақшасы бола тұра Стив Джобста рактан қайтыс болған жоқ па 2011 жылы, ақшан да көмектесе алмайды рак болғанда. Оның үстіне тәп тәтті қыздардың ерінінен сүйе алмай қаласын ғой, олар қатты жиіркенеді, сенен жиіркеніп тұрған жақсы ма?) Силаволян болмаса қандай мотивация болса да көмектеспейді саған! Жүр сөйтіп сасып ыыы...))
Ең жақсы әдіс, қорқыту дейсің ғой :)
Ооой жақсы жауап жазыпты ғой деп асығып кiрсем, не жауап мынау а) тағы Денсаулық, Әдемілік санатында Модератор деп жазып қойыпты ақымақ)
Ғалым ақымақ деп олай адамды балағаттауға болмайды. Оны денаулық санатында Модератор қылған мен. Өзі жазып қойған емес. Димаш шынымен де дәрігер, Қызылорда қаласынан болады. Яғни денсаулық саласында айтқан сөздері шынымен де маманның сөзі деп ұққаныңды қалаймыз. :)
Қайдан бiлейiн. Соңғы кездерi мамандардың кеңестерi менi таң қалдырып жатырда.
Анонимді болғым келіп еді да админ мырза) телефон нөмірімді жазбағаныңызға рахмет))) әзіл ғой))
Қорықпа атыңды айтқаным мен сен туралы ақпаратты ешкімге бергенім жоқ. :)
0 дауыс
насыбайдын тартпау жолдары тізіп жаза салындаршы
0 дауыс
Мен 14-дасымда достарымен насыбайдын дəмін көрдім одан кейін басым айналып құстым одан кейін екінші күні мен насыбайды кайтадан аттым сөйтіп екі ай аттым сосын мен тастамакшы болдым бірак тастай алмадым міне биыл 1-жыл өтті көмектесіңдерш
0 дауыс
Алладан сура, тіле . Әр аткан сайын кунә екенин еске алып Алладан қорқа баста Алла каласа сосын койып кетесин
0 дауыс
Бабаларымыз айтқандай қазақтың көңілі бір атым насыбайдан қалады деп. Көңілізге тимесін бірақ өте жеркенішті нәрсеғой. Тісіңізді бәрі құртылады, айта берсен көп. Жалпы алғанда ерік жігеріңіз барғой. Алыңызда тастап кетіңіз.
0 дауыс
Насвайсыз еркек адам туалетке шгалмаитыны распа?
0 дауыс
Насыбай деген бәлені қалай қойяамыз екен дым жолдары жоқпа. Мен яазва ауруына шалдықтым дәрі ишем көмек теспейді неге өйткені насыбай атам қайта асқынады 

Ұқсас сұрақтар

...