+1 дауыс
Қазақ тілі қоғамнан өз орнын алуы үшін, қазақ тілі қоғамға қарай бет алуы керекпе? әлде қоғам қазақ тіліне қарай бет алуы керекпе? неліктен?
21.10.2014 602 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Екеуі бірінен бірі туындайтын құбылыс болғандықтан, бұл жерде тауық бірінші ме, әлде жұмыртқа бірінші ме деуге болмас. Қазақ тілі қоғамға қарай бет алуы үшін Үкіметтің тіл саясаты пәрменді болуы керек, ол қазақ тілін қайтсем қоғамға керек етем деген нақты бағытта жүргізілуі тиіс. Әзірше олай болмай тұр. Сондықтан қазақ тілі қоғамда өзінің мемлекеттік деген мәртебесін тек қағаз жүзінде ғана иеленіп отыр. Мемлекеттік тілдің мәртебесі өзіне тиесілі кеңістікте толық қолданылумен өлшенетіндігі белгілі. Әзірше Үкімет Мемлекеттік тілді – мемлекеттік шекара мен мемлекеттік қауіпсіздікті қорғаған сияқты бар пәрменімен қорғай алмай отыр. Ұзын сонар кең тұсауға салып созбақтатқандығына қарағанда қорғағысы келмей де отырған сияқты... Бірақ қол қусырып, «алма піс аузыма түс» - деп қарап отыра беруге болмас. Әркім өзінің шамасынша іс қылсын. Оның басы - өз отбасында мемлекеттік тілдің үстемдігін орнату болса, жұмыстың үлкені – қоғам ішінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қатаң талап ету.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

21.10.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы