Қазақстанның мәдени өмірін мемлекет бақылауына алуы керек пе?

0 дауыс
462 қаралым
Қазақстанның мәдени өмірін мемлекет бақылауына алуы керек пе? Ондай бақылаушы тетіктер оның дамуына керісінше әсер етеді деп ойламайсыз а?
Альмира Наурызбаева

1 жауап

0 дауыс

Елдің мәдени өміріне мемлекеттік бақылау жасау мүмкін емес деп есептеймін. Ондай тек жабық, тоталитарлық мемлекеттерде (Солтүстік Корея, мысалы) ғана мүмкін. Менің ойымша, сұрақ мемлекеттік мәдениет саясаты туралы болса керек. Яки, ол барлық мемлекет пен қоғамда бар құбылыс. Мемлекет мәдениетті қаржыландыруға, бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалауға, олардан қайтарымын бақылауға міндетті. Солай емес пе? Мемлекет қоғамның мәдени өмірінің дамуына жағдай жасауға да міндетті. Сол үшін де мемлекет өзінің мәдени саясатын жүзеге асырады. Әрине, алдын ала сол қоғамның өкілдерімен талқылап алады. Есте сақтайтыны, мемлекет - билік емес, мемлекет - бәріміз, осы мемлекеттік азаматтары. Бәріміз мәдени саясаттың субъектілері болып есептелеміз. Елдің мәдени өміріндегі қозғалыс бәрімізге тікелей байланысты. Мысалы, біз подъезге қоқыс тастап, оны ластап, көшеде түкіріп, жолдарда жол ережесін бұзып жүрсек, мәдени өмірдің еркіндігі деген сол деп есептейсіз бе?!

Альмира Наурызбаева

Ұқсас сұрақтар

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы