0 дауыс
4.8k көрілді

Адамның есімі туралы Ислам дініңде не айтылады?

 

Жалпы адамның есімі туралы дінде не делінген?

Діни сайттарға сұрақ қойсам жауап келмейді амал жоқ осы сайтқа қойдым!

Өзім қадағалаймын егер қатты пікір талас боп жатса жасырамын,олай ережеде жазылған сж ережеде!

 

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Дінімізде есімнің мағынасына қараған дұрыс. Жалпы адамға ат қоятын кезде немесе бұрын қойылған аттың мағыналары дінімізге және әдет-ғұрыптарымызға сай келе ме, келмей ме соны білу керек. Сай келмесе, жаман мағыналы болса оны өзгерту керек. Хадис шәрифте «Есімі жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» деп бұйырылған.(Бәриқа) Кәпірдің есімін қоюдан да аулақ болу керек. «Қияметте әкелеріңнің атымен бірге шақырыласыңдар.(Мәселен Әлиқызы Әмина деп) Олай болса аттарың әдемі болсын!»(Әбу Дауд) 

Есімнің әдемі болуы үшін Құран кәрімде өткен болуы қажет емес. Өзгеше ат болсын немесе ең әдемі ат болсын деп Құран кәрімде аталған есімдердің кез келгенін қою дұрыс болмайды. Өйткені Құран кәрімде әдемі есімдердің жанында кәпірлердің де есімдері бар, шайтанның есімі бар. Бұларды қою дұрыс емес.

+1 дауыс
Пайғамбарымыз (с.а.с.) есімі жағымсыз адамдардың есімін ауыстыратын. Мысалы: Абу Хурайра деген ең жақын сахабасының есімі бұндай болмаған, бұл кісінің шын аты есімде жоқ. Пайғамбарымыз бұл кісі мысықты жақсы көргендіктен атын Абу Хурайра (мысықтың атасы) деген мағынаға ауыстырған. Ислам тарихында бұндай жағдайлар өте көп. Негізі ат қойғанда жақсыға жорамалдап қою керек. Сай да туса Сайбай, қырда туса Қырбай деп қоя самай. Адамның есімі, лақап есімі, адамның мінезіне тікелей әсер етеді. Сол заманда Әбу Лахаб деген кісінің түрі қызарып тұратын. Оның шын аты басқаша, халық оны қызғылт болған соң жалындап тұрушы деп атап кеткен яғни Абу Лахаб. Ол кісі тірі кезінде қызғылт жалындап тұрған тозаққа түседі,-деген аят түскен Аллаһтан. Себебі : ол Исламға қатты дұшпандық жасады. Аллаһтан мен мықтымын деді.
0 дауыс
о дүниеге барғанда АЛЛАХ Тағала ең әуелі адамның атынан бастап сұраққа алады деп естігенім бар
...