+4 дауыс
5.4k көрілді
Үйде орысша Құран кітабы бар КОРАН деп жазылып тұр ҚҰРАН тек араб тілінде болмайтын бе еді?

Әлде аударып оқи беруге болады ма?

Тек Араб Тілінде болады ма?

11 жауап

+1 дауыс

Иа, солай секілді wink

+2 дауыс
Құранды арабша білмесең аудармаларын оқуға болады.қазақ тіліндегі аудармалары да бар. Солардың бірі Халифа Алтай аударған Құран Кәрім.
+2 дауыс
Арабша да Қазақшада оқуға болады,мен көбiнесе арабша оқимын.
Арабша білесің бе не?
Оқи алам,кiшкене бiлем.
Белгісіз
+1 дауыс
Құран Кәрім Аллаһтың кітабы. Қалай болса солай оқымайды. Дәрет алып оқу қажет. Құранның қазақша нұсқасы өте керемет, жүректі жібітеді. Арабша нұсқасысын араб тілін үйреніп жүрген адамдар көп оқиды.
0 дауыс
Бәрiнiң оқығанда айтылуы бiрдей сол себептi, айырмашылық жоқ...
+1 дауыс
Сол біз сияқты арабша түсінбейтіндерге арнап аударады ғо. Бірақ, Құранның өзі арап тілінде түсті. Сондықтан, пайғамбарға(с.ғ.с) қалай түсті, сол күйінде оқыған жақсырақ әрі әсерлілек.
0 дауыс
Мағынасын түсінгің келсе, қазақша оқуыңа болады. Ал намаз уақытында тек арабша, түпнұсқасында оқу керек.
0 дауыс
құранды арабша оқу керек, мысалы  бір сөздің 3-4 мағнасы бар, қазақшаға аударғанда жалпы 2-3 синоним сөздің орнына бир арабша соз айтылады,
0 дауыс
Құранды арабшасынан  оқыған  абзал . әрбір  әрпіне сауап аласын және де басқа пайдалары өте көп . Ал орысша немесе қазақша аудармасын құранның аудармасын  білу ушін . Құранды асықпай . тажуид ережелерін  сақтай  отырып , дәретпен немесе ғұсылмен аяқта  отырып оқыған хайырлырақ . және  ең  бастысы АЛЛАХ  разылығы  үшін оқу !
0 дауыс
Құранды түсініп оқу үшін, араб тілін үйреніп, арабша оқыған дұрыс. Кез келген аударма әркезде сәтсіз болады. Мысалы, орыс жазушыларының кітаптарын орысша, түпнұсқасында ағылшынша жазылған кітапты ағылшын тілінде оқысаң ғана түсінесің.
0 дауыс
Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат! Менің ойымша құран оқудағы ең бастысы бұл- құранды түсіну! Қай тіл болмасын әр қайсысы да Алланың жаратқаны, қай тілде жақсы түсінесіз, сол тілде оқыңыз. Мейлі орысша, мейлі қазақша, тіпті ағылшынша да болсын түсінсеңіз болды)!
...