Құран Кәрім Аллаһтың кітабы. Қалай болса солай оқымайды. Дәрет алып оқу қажет. Құранның қазақша нұсқасы өте керемет, жүректі жібітеді. Арабша нұсқасысын араб тілін үйреніп жүрген адамдар көп оқиды.
Сол біз сияқты арабша түсінбейтіндерге арнап аударады ғо. Бірақ, Құранның өзі арап тілінде түсті. Сондықтан, пайғамбарға(с.ғ.с) қалай түсті, сол күйінде оқыған жақсырақ әрі әсерлілек.
Құранды арабшасынан оқыған абзал . әрбір әрпіне сауап аласын және де басқа пайдалары өте көп . Ал орысша немесе қазақша аудармасын құранның аудармасын білу ушін . Құранды асықпай . тажуид ережелерін сақтай отырып , дәретпен немесе ғұсылмен аяқта отырып оқыған хайырлырақ . және ең бастысы АЛЛАХ разылығы үшін оқу !
Құранды түсініп оқу үшін, араб тілін үйреніп, арабша оқыған дұрыс. Кез келген аударма әркезде сәтсіз болады. Мысалы, орыс жазушыларының кітаптарын орысша, түпнұсқасында ағылшынша жазылған кітапты ағылшын тілінде оқысаң ғана түсінесің.
Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат! Менің ойымша құран оқудағы ең бастысы бұл- құранды түсіну! Қай тіл болмасын әр қайсысы да Алланың жаратқаны, қай тілде жақсы түсінесіз, сол тілде оқыңыз. Мейлі орысша, мейлі қазақша, тіпті ағылшынша да болсын түсінсеңіз болды)!