+1 дауыс
Ары қарай болып жазылады ма әлде әрі қарай болып жазылады ме орыстың далее сөзі, негізі дұрысы ары қарай емес па?
20.10.2014 15.8k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Исхан Бейбіт Жалелұлы, ф.ғ.к., доцент

Құрметті Арайлым! Қазақ тілінің күні бүгінге дейінгі жарық көрген емле (орфографиялық) сөздіктеріне сүйенсек, екеуі де дұрыс. Әу баста «әрі» болған секілді. Бұндай ойға келуімізге «әрі-сәрі болды», «әрі-бері жүрді» деген сияқты т.б. тіркестердің құрамында «әрі» түрінде жиі қолданылатыны себеп болып отыр. Ал «ары» түрі тіліміздің даусты дыбыстар үндестігі (сингармонизм) заңына орай (бұдан әрі/бұдан ары), кейінірек қалыптасқан сияқты.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

20.10.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы