+1 дауыс
2.3k көрілді

Алматы Көк Жайлау курортын не үшін салмақшы? Алматы қаласының сүйікті демалыс орны, қалалықтардың сүйікті жерін неге өзгерпекші?

Алматы,Көк Жайлау,курорт

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоба жетекшілері «Көкжайлау» курорты туризм саласын дамыту үшін пайдалы жоба екенін алға тартады.
Қазірде курортының жобасы дайындалуда. Үлкен Алматы көлі, Көкжайлау беткейі мен Құмкөл асуы аумағында салынатын демалыс орнының құрылысы 2016 жылы аяқталуы тиіс деп жоспарланған. Алайда экологтар мен бірнеше белсенді топ «аталмыш жоба туризмді дамытады дегенімен, экологияның бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін» деген пайымынынан тайынбайды. Алматы қаласы әкімдігі Туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жоламановтың айтуынша, эколог-мамандардың пікірлерін ескере отырып, 40  мың гектарға жоспарланған «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының аумағы қазір қысқартылып отыр. Алғашында 500 гектардай жерден тау жолдары салынуы тиіс болса, қазір оның аумағы 200 гектардан да азайып қалған. Өйткені экологтар Үлкен Алматы көлінің жанында салуға болмайды деп шешкен. «Біз бұл жөнінде қоғамдық ұйымдар мен белсенді топ арасында дөңгелек үстелдер өткіздік. Экологтармен де жиі кездесіп, пікірлерімен санасып отырамыз. Қазір жоба дайындалуда, 2015 жылы қаражат бөлінсе, инфрақұрылымын бастаймыз» – дейді басқарма бастығы. Жоба жетекшілерінің мәлімдеуінше, тау-шаңғы трассаларының ұзындығы 77 шақырым болады. Ең биік нүктесі 3,5-тен 4 шақырымға дейін созылады. Сондай-ақ, шипажайға келушілерді тасымалдайтын 16 аспалы жол салынбақ. Әуежайдан шығыс айналма жолы арқылы Медеуге дейін небары 15-20 минут кетеді. Ал Медеуден аспалы жолмен шипажайға жетесің. Қазіргі таңда игерілмей жатқан жерлерге алдағы уақытта күре жол, қонақүй, мейрамханалар, тікұшақ  қонатын алаңқай салынбақ. Курорт күніне 10 мың адамды қабылдауға қауқарлы болады. Сондай-ақ, экологиялық реттеу жобасы дайындалуда, ол – курортта тәртіпті сақтау ережелерін қамтымақ. Әкімдік құрылымнан жасақталатын курорт әкімшілігі экологияны сақталуын, табиғаттың зардап шекпеуін қамтамасыз етпек. Жалпы алғанда, кешенді жобаға 1,5 миллиард доллар қаражат кетпек.

– Былтыр министрлік туризмді дамыту бойынша 5 аймаққа жүйелі жоспар құрды. Олар – Алматы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Мыңғыстау облысы, Шучинск-Бурабай курорттық зонасы. Оны аймақтық әкімдіктерге жібердік. Енді олар осы жобаларды қолға алуы тиіс, – дейді Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игали.

Бүгінде елімізде Азия аймағында тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық конференция өтуде. Дүние жүзі бойынша 40-қа жуық елден 200-ге тарта маман келіп отыр. Ондағы мақсат – қай елді мекендерде тау-шаңғы шипажайын салу қолайлы екенін анықтау, дамыған елдердің тәжірибесімен бөлісу, тау-шаңғы курорттарының туризм саласына ықпалын айқындау.

– «Көкжайлау» курорты тұрғындарға кері ықпал етпеуі керек. Ұйымдастырушылар да оны жақсы түсінеді. Жоба Алматыға және қазақ қоғамына қосымша пайда әкелмек. Жоба шетелдіктерге ғана емес, ел тұрғындарының демалуына да жақсы. Егер бәрі дұрыс жасалып жатқан күнде де, қоршаған ортаның сақталуына қам жасау қажет. Өйткені біздің не істеп, нені дамытып жатқанымыз емес, біз оны қалай істеп жатқанымыз маңызды,-дейді Дүниежүзілік туристік ұйым президенті Халел Талиб.

«Көкжайлау» ТШК директорының, орынбасары Ерлан Темiртаев :

– Халықаралық ауқымдағы жыл бойы жұмыс iстейтiн «Көкжайлау» таушаңғы курорты бизнестiң көптеген өзге түрлерiн дамыта отырып, Алматы экономикасының қарыштап дамуына үлкен септiгiн тигiзедi. Алдын-ала жоспарлау бойынша, мультипликативтi экономикалық әсердi ескерiп жасалған жоба 20 жыл iшiнде қала бюджетiне 5 млрд. доллар әкелмек және ең бастысы, әлеуметтiк мәселелердi шешуге мүмкiндiк бередi, атап айтқанда, 5300 адамды жұмыспен қамтиды, – дедi.
...