0 дауыс
8.6k көрілді
1 сынып Атамұра баспасы күнделікті сабақ жоспары керек?
Менде 1-сыныптың Атамұра баспасы бойынша математика, сауат ашу, дүниетану, ана тілінен сабақ жоспарлары бар. Толық жазылған.Сатып алуыңа болады.Бағасы 2500 тг. Мына телефонға хабарлас. 87022260181
стапоасоеагокеотрр

5 жауап

0 дауыс
Салеметсіз бе, маған атамұра баспасы 2012  бойынша күнделікті сабақ жоспарлары керек еді.
0 дауыс
Математика

Сабақтың тақырыбы: 5  санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:1. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту.
2.  5 санын қосу кестесін және санның құрамының сәйкес жағдайын білуді бекіту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.
3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өткенді еске түсіру.

 Есеп

Шарты

Сұрағы

Шешуі

Жауабы

Есеп. Ағаштың басында 8 маймыл отыр еді. Оның 3-уі жерге түсті. Ағаштың басында неше маймыл қалды.

Шарты                     Сұрағы              Шешуі                Жауабы

Отыр-8м                 Қалды-?              Шешуі: 8-3=5     5 маймыл

Түсті-3м

ІІІ.Жаңа сабақ:   Сурет бойынша қосынды және айырма құр.
5 + 5 = 10             Қосынды                  5 + 4 = 9                 5 + 3 = 8
10 – 5 = 5             Айырма.                   9 – 4  = 5                 8 – 5 = 3
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
а) Тақтада жұмыс
126-  бет, 2 тапсырма. 5 – ке  қосу кестесін құрастырып жазу:
5 + 5 = 10           10 – 5 = 5         4 + 5 = 9               9 – 4 = 5                3 + 6 = 8       

8 – 5 = 3
ә)  Өзіндік жұмыс:  Жазуды толықтыр:
1.    1       2                               1       5                        10      6                        9      5
2.    0       5                               1       4                        10      5                        9      6
Y.    Сергіту сәті
126- бет №  3.  Төрт сан аттай отырып, алдымен сандырды өсу ретімен ата, содан соң кему ретімен ата.
1                  4                  7               1 0
10                 7                 4                  1
12 6-бет, № 4    Жасыл  және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл  кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
YI. Қорытындылау.
YII. Үйге тапсырма беру.   126 бет, № 5,   (жасыл қоршау)
0 дауыс
Математика

Тақырыбы: Қозғалыс бағыты

Сабақтың мақсаты: А).Білімділік: оқушылардың  кеңістік  туралы   (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін  қалыптастыру және нақтылау.

Ә)Дамытушылық:  оқушылардың бақылағыштығы  мен логикалық ойлауын дамыту.

Б)Тәрбиелік.  Зейінді болуға  ,тәртіптілікке  тәрбиелеу.

   Сабақтың  әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

   Сабақтың  көрнекіліктері:  күннің  суреті ,  геометриялық  фигуралар.

   Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

Тиін  мен  Қоянның  әкелген ережесін оқу:               

   1.Тыныштық  сақтау.                                                         

   2.Бір -бірін тыңдау.

   3. Ойды ашық айту.

   4.Жауапты толық айту.

   ІІ.Психологиялық  дайындық .

   «Күлімде  ,күн, күлімде!

   Күлсін барлық бала шат!

   Берекелі  бүгіндей

   Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

   ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

   «Артық  фигура»  ойынын өткізу.  Берілген  суреттер  бойынша  жұмыс жүргізу.

1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш,  тіктөртбұрыш

2). Үлкен  үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш,  шаршы.

3). Шаршы, төртбұрыш,  дөңгелек.   Оқушылар  жауаптарын дәлелдеп отырады.

 

   IV. Жаңа  материалмен  жұмыс

1. Ой қозғау.

Сол қолын көрсетуді, оң қолын көтеруді, сол жақ шекесіне қолын тигізуді, т.б. сұрау.

- Яғни балалар, бағыт дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Оқулықпен жұмыс.  №1 тапсырманы орындау ,сурет бойынша сұрақ  қою арқылы заттардың  , балалардың  кеңістіктегі  орны анықталады.

 

   Сұрақтар:

   -Үстелдің үстінде не тұр?

   -Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде кетіп барады?

  VI.Сергіту  сәті.

    Орнымыздан  тұрайық

    Алақанды  соғайық.

    Бір отырып, бір  тұрып.

    Бір отырып, бір  тұрып.

    Дем алғасын отырайық.

    VII.Дәптермен  жұмыс     

    №1  (жай  қарындашпен)  қызғалдақты  киіз  үйдің сол  жағына, көбелекті  жоғары, күннің   көзін оң  жаққа,  шөптерді  төмен  жаққа  орналастырамыз.

    №3  үлгі  бойынша орындау. Бағытты  көрсетіп тұрған  бағдаршаны  сәйкес  түспен бояу керек.

    №4  Лабиринт. Тауықтың қозғалыс  бағытын дауыстап  айта отырып, жолын жүргізу.

   VIIІ. Өтілген  материалмен  жұмыс  жүргізу.

    №2 тапсырма. «Түйенің  ізі» өрнегін салу. Содан  соң  «Таулар»  тапсырмасы орындалады. Алдымен   балалар өрнекті үзік  сызықтармен   бастырады, содан  соң тапсырманы  өөз  беттерінше  орындайды.  Егер   оқушы  суретті  жеңіл  орындаса, пайда  болған өрнекті  бояуды ұсынуға  болады.

    ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

   -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

   -Сабақта  не істедік?

   -Қандай  тапсырма қиын  болды?

    Х.  Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.
0 дауыс
Математика

Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қанша артық?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға қагша артық? атауына түсінік беру. Математикалық компоненттерді  амалдарын қолдана отырып, олардың мән-мағынасын түсіндіруді тереңдете түсу.

 2.    Дамытушылық. Санның цифрмен белгіленуін, оның кітапта және дәптерде жазылуымен таныстыру, әдемі жазуға қалыптастыру, біліктерін дамыту.
3.    Тәрбиелік. Оқушыларға бірін-бірі сыйлай білуге қамқоршылыққа, әдептілікке , оқу – құралдарын ұқыпты ұстауға, тәртіптілікке, орындарына дұрыс отыруын, денелерін тік ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ..
Әдістемелік тәсіл:сұрақ-жауап,әңгімелесу, түсіндіру.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар (қосу мен азайту компоненттеріне байланысты), жемістер

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№3 (118-бет)

ІІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

1.«Қанша болса сонша», «сонша» т.б. деген сөздерді анықтай түсуге де үлкен мән беріледі. Осы мақсатпен мына төмендегідей дайындық жаттығулары ұсынылады.

2) 3 қызыл дөңгелек қойыңдар, ал олардың астына сонша көк дөңгелек қойыңдар. Қанша көк дөңгелек қойыңдар?

3) 4 қызыл дөңгелек қойыңдар, ал оның төменгі жағына 4 көк дөңгелек қойыңдар. Қызыл және көк дөңгелектердің саны жайлы не айтуға болады?

4) 3 дөңгелекке  сонша дөңгелекті қосыңдар. Қанша болды? т.б.

 

ІІІ .Жаңа сабақ

А) Көрнекілік бойыйнша түсіну

1.қызыл дөңгелекті қойыңдар, оған 1 көк дөңгелекті қосыңдар. Дөңгелектер қанша болды? Дөңгелектер артты ма немесе кеміді ме? (Иә, артты)

2.  үшбұрышты қойыңдар, 1 үшбұрышты алыңдар. Қанша үшбұрыш қалды? Қалған үшбұрыштар бұрынғыдан артық па немесе кем бе?

3. Егер 3-ке 1-ді қоссақ, 3-тен артық бола ма, әлде кем бола ма? Қаншасы артық болады? 3-ке қарағанда 4-тің қаншасы артық?

4. Егер 4-тен 1-ді шегерсек, онда 4-тен артық сан қала ма немесе кем сан қала ма? Қаншасы кем болады. 4-ке қарағанда 3-тің қаншасы кем?
 

5.  дөңгелек қойыңдар. Дөңгелектің санын 1-ге кеміту үшін не істеу керек? 2-ге арттыру үшін ше? Т.с.с.

6. Мынадай есеп оқылады: «Қанаттың 7 маркасы бар, ал Қуаныштың одан 3 маркасы артық. Қуанышта қанша марка бар?»

Есеп кішкене квадраттармен иллюстрацияланады: бір қатарға 7 қызыл дөңгелек, екінші қатарға сонша көк дөңгелек, одан кішкене алыстау жерге тағы 3 көк дөңгелек қойылады.

«Үш маркасы артық» деген сөз нені білдіреді? Қуаныштың қанша маркасы бар? Екенін қалай білуге болады? Неліктен 3-ті қостыңдар? т.с.с.
Сергіту сәті.
Ә) Оқулықпен жұмыс.

№1.  Бірінші бумада-6к                    ? к  артық

         Екінші бумада- 4 кітап бар.

         Шешуі: 6-4=2

         Жауабы: 2 кітап артық.

№2. (Ауызша). Есептің жауабын ата. Түсіндір.

№3. 5,4, * үшінші санды таңдап ал және тура теңдіктер құр.

Шығармашылық тапсырма.

№4. Есеп құрастыр және шығар:

Қалам-4

Қарындаш-?, 4-уі артық

№5. Екінші қосылғышы 4 болатын үш қосынды жаз. Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Өрнектердің мәндерін тап.

Қорыту.

Үйге: №6 (121-б)
0 дауыс
1-сынып 2017-2018 оқу жылы  жаңа жоба бойынша математика мен сауат ашу пәнінен сабақ жоспарын сааптамынн.Әр пән 3000 тг. Ватсап : 87055308107
...