Математика
Тақырыбы: Қозғалыс бағыты
Сабақтың мақсаты: А).Білімділік: оқушылардың кеңістік туралы (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін қалыптастыру және нақтылау.
Ә)Дамытушылық: оқушылардың бақылағыштығы мен логикалық ойлауын дамыту.
Б)Тәрбиелік. Зейінді болуға ,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктері: күннің суреті , геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Тиін мен Қоянның әкелген ережесін оқу:
1.Тыныштық сақтау.
2.Бір -бірін тыңдау.
3. Ойды ашық айту.
4.Жауапты толық айту.
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
«Артық фигура» ойынын өткізу. Берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізу.
1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, тіктөртбұрыш
2). Үлкен үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш, шаршы.
3). Шаршы, төртбұрыш, дөңгелек. Оқушылар жауаптарын дәлелдеп отырады.
IV. Жаңа материалмен жұмыс
1. Ой қозғау.
Сол қолын көрсетуді, оң қолын көтеруді, сол жақ шекесіне қолын тигізуді, т.б. сұрау.
- Яғни балалар, бағыт дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырманы орындау ,сурет бойынша сұрақ қою арқылы заттардың , балалардың кеңістіктегі орны анықталады.
Сұрақтар:
-Үстелдің үстінде не тұр?
-Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде кетіп барады?
VI.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып.
Бір отырып, бір тұрып.
Дем алғасын отырайық.
VII.Дәптермен жұмыс
№1 (жай қарындашпен) қызғалдақты киіз үйдің сол жағына, көбелекті жоғары, күннің көзін оң жаққа, шөптерді төмен жаққа орналастырамыз.
№3 үлгі бойынша орындау. Бағытты көрсетіп тұрған бағдаршаны сәйкес түспен бояу керек.
№4 Лабиринт. Тауықтың қозғалыс бағытын дауыстап айта отырып, жолын жүргізу.
VIIІ. Өтілген материалмен жұмыс жүргізу.
№2 тапсырма. «Түйенің ізі» өрнегін салу. Содан соң «Таулар» тапсырмасы орындалады. Алдымен балалар өрнекті үзік сызықтармен бастырады, содан соң тапсырманы өөз беттерінше орындайды. Егер оқушы суретті жеңіл орындаса, пайда болған өрнекті бояуды ұсынуға болады.
ІХ.Сабақтың қорытындысы.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сабақта не істедік?
-Қандай тапсырма қиын болды?
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.