+2 дауыс
1.8k көрілді
Қысылмай барлығымыз жауап берейік!!!

30 жауап

+3 дауыс
Әзірге менің Жан Досым жоқ. Бар деп айта алмаймын. Өйткені кейде төбелесіп, сөзге келіп қалатын кезіміз болады. Бірақ Жан Дос үшін әлі ерте. Егер Жан Досын болмай шықса ше? Маған Жан Дос деген құдай қаласа Университетті бітіргеннен кейін табылады.
+5 дауыс
Достарым көөөөөөөп,,бірақ жандай досым жоқ екен...Мен сырларымды ойланбай айта беретін,мүлтіксіз сенетін адам жоқ сияқты...Бұрын жан досым болған,бірақ қазір ол басқа жақта...өөөте алыста....Телефонмен ғана хабарласып тұрамыз...Ал қазір жүрегімнің түкпіріндегі барлық сырларды күнделігімнен басқа ешкімде білмейді.......
+7 дауыс
''Ақылы көпті дау алмайды
Досы көпті жау алмайды''
АЛЛАҒА шүкір достарым көп жан достарым да көөөп,тіпті қыздардан да жан достарым бар бір бірімізден сыр жасырмаймыз бір бірімізді түсінуге тырысамыз,бір бірімізге көмектесеміз!
+7 дауыс
Менің жан дегенде жалғыз ЖАН ДОСЫМ бар! Есiмi-Гаухар! 3-сыныптан берi доспыз, біздiң көзқарасымыз, ойлаған ойларымыз кей кездері бір жерден шығып жатады және бір-бірімiзді тез түсінеміз... Жалпы .... Жан ДОС деген кім?
Жан ДОС деген - Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандарды  айтамыз. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық.  Дос деген сенің басыңдағы кез-келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Жан Досыңның жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал жан досың сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.
Әдемі жауап!
+7 дауыс
Достарым көп деп айта алмаймын! Бар ғой достар! Өте аз...жан досым әзірге жоқ..іздеймін!
+7 дауыс
"100 тенгең болғанша , 100 досың болсын" дейдіго қазақта. Бірақ сол жүз достың ішінде ең жақын досын болары анық. Яғни ол-жан дос. Менің жан досым бар. Мен ризамын оған
+5 дауыс
Жан дос...????
Жан досым мектеп кезінде 11 бітіргенше болған. Жарқынай деген қыз екеуміз бірге жүретінбіз. Тіптен сабақтан қайтқанда я оның үйіне ,я біздің үйге кіріп кететінбіз. Тіптен көшеге шыққанда бірдейболып киініп алатынбыз. Онын да, менін де шашымыз ұзын болды. Эххх, жастық шақ-ай....
Содан ол қызды алып қашам деп дайындалып жүрген бала байқамай мені алып кете жаздағаны бар ))))
Ол қазір тұрмыста, әрқайсымыздың жеке шаруамыз жетерліктей. Бұрынғыдай көп сырласа алмайтын болдық. Ал былай достарым көп қой, шүкір.
+5 дауыс
Әрине  бар ғой! қыздардан да бар!))) бірақ менің достарым аз болса да, жер-жерде достарым көп! Жан досым бар! Бірақ, менің  кезінде қасымда жүрген бір досым сатып,кетті. Қазір қайтып достастық, бірақ оған  әлі де өкпе-ренішім тарқаған жоқ. Соғып тастайын десең де біртүрлі,ол досыма қандай жаза қолданаларымды білмей жүрмін.
Анти-хакер не ғой...Атып таста (bandit)
адам өлтіру күнә ғой)
Діни тұрғыдан алғанда күнә екені рас,ал адами тұрғыдан күнә деп ойлайсың ба?
сонда шынымен өлтір дегің келіп тұр ма? діни тұрғыдан күнә  болса да, заң бар емес пе заң!
Анти-Хакер мүмкін сіздер Юзер мырза екеуіңіз басқа тұрғыда айтып тұрған шығарсыңыздар"ал менің ойым - яғни бұл пікірталаста- атып тастау, өлтіру деген өз досыңызға ол сізді ренжітетіндей қандай сатқындақ жасаса сіз де оған сондай етіп жасаңыз! себебі қазіргі заманда ӨЛТІРУ деген сөзді жиі айтқанымыен кейбіреуі оның астарлы мағынасын түсінбеід(Юзердің ойнап айтқанын білемін мен соны ойландыратындай етіп жаздым)
Белгісіз
таспен атканды аспен ат дейди казак атамыз.бирак бир рет сенимнен айырылгасын 2 рет сену киын.
Кешіру оңай,қайта сену қиын!
+4 дауыс
Бір сынаған досыңды екінші рет сынама,
Дұшпаныңа балама!
Аллаға шүкір, достарым көп! Біз тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жан досым әрине бар. Менің тіпті ұл балалардан да достарым бар. Достарымның көптігіне қуанамын!
Кирилл әріптерімен жазыңыз !!!
+7 дауыс
Менің достарым өтте көөөп! Тіпті мектептегі апайларыммен де достасып алғам, білмейм мектепте Топбасшы болғаннан соң ба, кез-келген адаммен достасып, әңгіме дүкен құра алам. Олар меннен, мен олардан көмек сұраймын. Бірақ, жан сырымды ақтарар нағыз бір досым бар - ол сыныптасым, 1 сыныптан бері бірге келе жатқан, тіпті ата-аналарымыз да біздің арқамызда достасып алды. Мен осында жауап жазған адамдардың бәріне ризамын, ең алдымен өзімнің досыма дән ризамын! Және де осы тақырыпты қозғаған Юзерге де ризамын.
+6 дауыс
Аллага шүкір, жалпы достарым көөөп. Жан достарым деп 3 санаймын. 1. Көршім-бала кезден бері, бір сыныпта оқығанбыз. 2. ЖОО түскенде танысқанмын. 3. Бірге жұмыс жасаймын. Үшеуі де жан достарым. Менін арқамда оларда танысып бір-бірімен жақсы араласады. Жан дос таппағандарға менін достарымдай дос жолығуына тілектеспін.
+2 дауыс
бааааар! жанеде мен қаізіргі күні достарыммен мақтана аламын! мен бір адамға бауыр басып қалсам ол кеткенде біртурлі бірдене жетіспей тургандай болады! сол кісілердін бірі жан достарым!
+2 дауыс
Мен, жасыратыным жоқ, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көлтабан ауылында оқимын. Мен  ата-анам қай жаққа барса,  соған еруге мәжбүрмiн. Әкем -директор, анам - қазақ тiлi мен әдебиеттен мұғалiм. Әкем бiресе Қызылағашта, бiресе Жансүгiрде директор болып жүредi. Қызылағашты бiлетiн шығарсыздар,  су тасқыны болған жер. Соның жанында Көлтабан деген ауыл бар сонда тұрамын. Ол ауыл өте кiшкентай болғандықтан, мектепте 50-ак бала. Бiздiң сыныпта 2 ұл, 2 қыз бала бар. Маған екi қыз да Бақытжан деген досым да ыстық! Басқа досым жоқ болғаннан кейін мен оны ренжітпеуге тырысамын. Әдемі, Динара, Бақытжан, мен, Ернат адамы аз сынып болсақ та, жарыстарда бас жүлдені алып жүреміз!Ұйымшылмыз! Бір күні мен алгебраны түсінбей есеп шығарған жоқпын, бірақ Динара маған көшіруге берді. Сол оқиға Динараның да, Әдемінің де басынан өткен. Бiр-бiрiмiзбен сырымызды бөлiсемiз. Бақытжан сыныпта менен кейінгі жалғыз ұл болғандықтан мен оны сыйлаймын. Ұйымшыл сынып болғандықтан биыл "Алтын күз" балында жеңіске жеттік. Бұл мақтанғаным емес, ұйымшыл сыныбымды мақтан тұтқаным! Сіздерден сұрарым, ауылдың баласы деп мазақтап жүрмеңдер! Мен шындықты айтып тұрмын! Бұлардың әрқайсысы менің жүрегіме жақын жан достар! Сұрағыңа рахмет!
Ақтарыла жазған шындығыңыз үшін көп рахмет! Ешкім "ауылдың баласы" деп кемсітпейді, өйткені бұл жердегілердің жартысынан көбі ауылдан шыққандығына  сенімім зор!
+2 дауыс
АЛЛАға шүкір! Менің де достарым бар. Бірақ жалғыз жан досым бар, сенімді сырласым. Содан кейін,  әрине күнделігім мен қаламым!
Алла деп бас әріппен жазамыз есіңде болсын
+1 дауыс
менің жан достарым көп оларға сырларымды айтып бөліссем  өзімді жеңіл сезінемін қазіргі кезде олар  жан жақ қалаларда оларды қатты сағынамын :*
...