+1 дауыс
747 көрілді
Футболдағы қызықты оқиғалар,футболшылардың басынан өткен қызықты хикаяларын айтсаңыздар.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Футбол Әлемінде қызықтар өте көп. Күтпеген жағдайлар орын алып жатады. Сол заманда болған оқиғалардың кейбіреуі тіпті барлығы келесі жолы қайталанған емес. Сондай керемет жағдайлардың бір сыпырасын назарларыңызға ұсынамыз.

[madrid-vs-liverpool-championsl]

 

- УЕФА Чемпиондар Лигасының «Реал» мен «Ливерпуль» арасында өткен ойындардың барлығында ағылшындық команда жеңіпті.

10.03.2009. «Ливерпуль» — «Реал Мадрид»  4:0 (2:0).
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2008/09, 1/8 финал. Ливерпуль. «Энфилд» алаңы.
25.02.2009. «Реал Мадрид» — «Ливерпуль» 0:1 (0:0).
27.05.1981. «Ливерпуль» — «Реал Мадрид» 1:0 (0:0).
УЕФА Чемпиондар Кубогы, 1980/81. Финал. Франция, Париж. «Парк де Пранс» алаңы.

[«Интернасьонал» ФК 1979 жылы]

«Интернасьонал» ФК .1979 жыл..

- «Интернасьонал» бразилиялық жалғыз клуб, ешқай командадан жеңілмей Бразилия чемпионы болған (1979 жылы). Барлық ойындарда жеңіске жетіп отырған.

[200px-Rogerio_ceni]

 

- «Сан Паулу» футбол клубының 40 жастағы аңыз  ойыншысы Рожерио Сени қақпашылар арасында гол салу жөнінен алда тұрған футболшы. Өзінің футболдағы жолында қақпашы Рожерио Сени 110 гол салған.

[Траутманнға қойылған ескерткіш]

Траутманнға қойылған ескерткіш

[Джо Харттың құрметі]

Джо Харттың құрметі

- Ағылшын Кубогының финалында 1956 жылы «Манчестер Сити» футбол командасының қақпашысы Берт Траутманн «Бирмингем» клубымен болған ойында кездесудің аяқталуына он бес минут қалғанда ауыр жарақат алады. Өзінің ауыр алған жарақатына қарамастан Траутманн ойынды жалғастырады. Сөйтіп, Траутманн өзінің әріптестеріне көмек беріп, ойындағы нәтижені сақтап қалады. Ертесінде дәрігерлер оның желке тұсын тексере келіп, ойын кезінде Траутманның сынған мойынмен ойын көрсеткенідігін анықтаған. Траутманның осы бір жанкештіліг үшін «көк жейделілер» әліге дейін үлкен құрметпен қарайды. Мәңгілік естелік есебінде Траутманнға ескерткіш орнатқан.
Реал осы Чемпиондар Лигасында Ливерпульді жеңді.
0 дауыс
Марокколық футболшының есімі Шотландия футбол жанкүйерлеріне етене таныс. «Абердин» командасының белді футболшысын жергілікті жанкүйерлер«Зеро» деп атаған екен. Яғни ол алаңда «0» деген нөмірмен өнер көрсетуіне байланысты. ФИФА 1 мен 99 арасындағы сандарды жейдеде нөмірлеуді бекіткенімен, Хишам Зеруали «0» нөмірімен өнер көрсете беріпті. Бірде «Данди» қақпасына үш бірдей гол соққаннан кейін«Зероны» атақты «Манчестер Юнайтед» өз сапына шақырып, сүйікті нөмірінде ойнауға ұсыныс жасапты. Алайда футболшы Таяу Шығыста доп тебуді қалаған. 2004 жылы Мароккоға қайта оралған Хишам Зеруали Рабат маңында жол апатына ұшырап, қаза тапқан. Ал «Абердин» командасы «0» нөмірі бар футболшы жейдесін команда мұражайында сақтап келеді.
0 дауыс
Моуринью Интерде тренер болып жүргенде ЛЧ кезекті матчын өткізіп жатқан. Қай матч екені есімде жоқ қысқасы Балотелли 1-ші таймда сары қағаз алған, Моуринью оған үзілісте айтқан сақ ойна, подкат жасама, төрешіге сөз қайтарма қызыл қағаз алсаң басқа ауыстыратын шабуылшы жоқ деп. Нәтижесінде 46 минутта Балотелли екінші сары қағазын алып алаңнан қуылған )))
0 дауыс
Бір матч болып жатыр, басталған жоқ.Таблодан жанкүйерлерді көрсетуде.Бір жанкүйердің мұрынын шұқып 3 минутта отырғанын көреді, соны таблодан көрсетеді.Стадиондағы барлық жанкүйерлер күледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
Белгісіз 25.02.2014 Футбол сұрақ қойды
...