Футбол Әлемінде қызықтар өте көп. Күтпеген жағдайлар орын алып жатады. Сол заманда болған оқиғалардың кейбіреуі тіпті барлығы келесі жолы қайталанған емес. Сондай керемет жағдайлардың бір сыпырасын назарларыңызға ұсынамыз.
[madrid-vs-liverpool-championsl]
- УЕФА Чемпиондар Лигасының «Реал» мен «Ливерпуль» арасында өткен ойындардың барлығында ағылшындық команда жеңіпті.
10.03.2009. «Ливерпуль» — «Реал Мадрид» 4:0 (2:0).
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2008/09, 1/8 финал. Ливерпуль. «Энфилд» алаңы.
25.02.2009. «Реал Мадрид» — «Ливерпуль» 0:1 (0:0).
27.05.1981. «Ливерпуль» — «Реал Мадрид» 1:0 (0:0).
УЕФА Чемпиондар Кубогы, 1980/81. Финал. Франция, Париж. «Парк де Пранс» алаңы.
[«Интернасьонал» ФК 1979 жылы]
«Интернасьонал» ФК .1979 жыл..
- «Интернасьонал» бразилиялық жалғыз клуб, ешқай командадан жеңілмей Бразилия чемпионы болған (1979 жылы). Барлық ойындарда жеңіске жетіп отырған.
[200px-Rogerio_ceni]
- «Сан Паулу» футбол клубының 40 жастағы аңыз ойыншысы Рожерио Сени қақпашылар арасында гол салу жөнінен алда тұрған футболшы. Өзінің футболдағы жолында қақпашы Рожерио Сени 110 гол салған.
[Траутманнға қойылған ескерткіш]
Траутманнға қойылған ескерткіш
[Джо Харттың құрметі]
Джо Харттың құрметі
- Ағылшын Кубогының финалында 1956 жылы «Манчестер Сити» футбол командасының қақпашысы Берт Траутманн «Бирмингем» клубымен болған ойында кездесудің аяқталуына он бес минут қалғанда ауыр жарақат алады. Өзінің ауыр алған жарақатына қарамастан Траутманн ойынды жалғастырады. Сөйтіп, Траутманн өзінің әріптестеріне көмек беріп, ойындағы нәтижені сақтап қалады. Ертесінде дәрігерлер оның желке тұсын тексере келіп, ойын кезінде Траутманның сынған мойынмен ойын көрсеткенідігін анықтаған. Траутманның осы бір жанкештіліг үшін «көк жейделілер» әліге дейін үлкен құрметпен қарайды. Мәңгілік естелік есебінде Траутманнға ескерткіш орнатқан.