Істен шыққан тоңазытқышты жөндейтін жұмыс. Бүгінде қалалы жерлерде кең таралған екі түрі бар, олардың ең біріншісі, шақыру арқылы, ал екіншісі тоңазытқыш жөндеу орталығын (шағын офис, цех т.с.с.) ашып жасауға болады.
Жұмыс принципі қарапайым: адамдар тоңазытқышы істен шыққанда сізге хабарласады. Сол кезде, өз бағаңызды айтып, жасап бересіз. Диагностика, выезд және жөндеп бергені үшін деп немесе тек қана жөндеп бергені үшін деп ақша алатындар бар. Ол жөндеу немесе қандай да бір бөлшекті алмастыру жұмысы болып табылады.
Бұл жұмыс жақсы табысты, егер адам пысық болса, жарнамалау түрлерін жақсылап қолға алса, жеке көлік болса және ең маңыздысы - өз ісінің мастері болса.
Тек қана тоңазытқыш жөндеу емес, сонымен қатар басқа да тұрмыстық техникаларды, сантехника, евроремонт, жиһаз жасау және жөндеумен айналысуға болады.
Бұл іс біреуге жұмыс істегеннен гөрі, өзіңізге өзіңіз жұмыс жасайтын пайдасы жақсы жұмыс. Мен оқушы және студент кездері балалармен осындай кәсіпті жақсы атқарған едік. Қазір көп адамдар осылай отбасыларын асрап жүр екен.