Әлеуметтік қамсыздандыру туралы
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне бір уақытта мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарға негіздеме бойынша бір әлеуметтік төлем төленеді.
2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 4 балаға төленетін жәрдемақы мөлшері 31 347 теңгені құрайды.
2. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта және жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде, жиырма үш жасқа толғанға дейін, көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қарастырылған (Негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы).
2014 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған жәрдемақы мөлшері 7 705 теңгені құрайды.
3. Сонымен қатар, бүгінгі күні балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасқан. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
- бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақы төлемдері қаралған.
Аталған жәрдемақылар тек баланың бір жасқа толғанына дейін төленетінің хабарлаймыз.
Сізге жәрдемақылырыңыздың тағайындау туралы толық танысып кеңес алу үшін Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңыз қажет.
Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.
Осыған орай, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.
Орын.: БӘҚК сарапшысы К. Суханова
Ақпарат көзі: http://www.mzsr.gov.kz/kk/taxonomy/term/54