+2 дауыс
561 көрілді
Сіз кітап оқисызба? Кітапханаға соңғы рет қашан бардыңыз?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кітапханаға соңғы рет студент кезімде барғанмын... Ал кітапқа келсек әрине оқимын... Соңғы оқыған кітабым "Мастер и Маргарита", бірақ қатты қызығып оқи алмадым.... 25 -тей ғана бетін оқып, қойып қойдым...
+3 дауыс
Кітапханаға соңғы рет 2 апта бұрын бардым, барғанда да өздері шақырды, пенсияға шыққан мұғалімдер, кітапханашылар, үлкен жазушылар сөз сөйледі, арасында мен ғана жастардан сөйлеген)) Қызық өтті ашық сабағы, Сайын Мұратбековтың шығармашылығы туралы болды, "Жабайы алма" мен "Жусан исі" хикаяттарын оқымағандар болса советую, өте қызық, тілі жеңіл. Белсенді оқырманымын кітапхананың, әттең сондай жазушылардың сөйлегендерін үлкен кісілер ғана тыңдады, жастар қызықпайды ғой, менен басқа) Мақтанғаннан сақтасын, просто қызықса дегем ғой, оқушылар әсіресе. 1 жылда 300 кітап оқыған ағай сөз сөйледі, сөздері келіскен, ойы жинақы, бірден білінеді әдебиетке қызығатыны. Кітап туралы жаза берсек таусылмайды))) Ұзақ комментті оқымайтын да шығар қазір)))
+3 дауыс
Абай жолын оқып бастап жатырмын өте қызықты екен.
+2 дауыс
Абай жолын 3 айда оқыдым.
+1 дауыс
кітапханаға күнніге барамын десем де болады. бірақ әдеби кітаптар емес сабаққа қатысты кітапты көп оқимын.
+1 дауыс
Кітапханаға бармағаныма біраз болды. Уақыт табылып жатса, міндетті түрде кітап оқимын. Жалпы табиғатымнан кітапқа құмар адамның бірімін. Соңғы оқығаным, Ақан Нұрмановтың "Құланның ажалы" атты кітабы болды.
+1 дауыс

кітап деген жақсы затқой негізі, махаббат жайлы кітаптарды оқып бастап едім, бірақ қазір біржолаға тастап кеттім сөйлеуім жеткізуім қайта қайта кітаби болып кетеберетіндей көрінді. Кітапқа жетпегенмен, орнына киноларын көріп алуға боладығой

0 дауыс
Үй тапсырмасын орындау үшін кітаптар оқуға тура келеді, сол кезде оқимын.
...