достым!
соққан жел мен толқындар сенің кемеңді біздің жаққа бұрып, достарыңның арасына, өз Отаныңа тезірек оралғайсың. егерде сен бізді сағынсаң қолыңа қаламыңды қарулап алып, сағынышыңды ақ қағаз бетіне түсір де, ақ көгершіннен хат жолда. сонда біз де сенің әскери өміріңнің қалай өтіп жатқанынан хабардар болып тұрамыз.
АҚ ЖОЛ САҒАН!!!!!!!!!!!!!
Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұлан-ғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіп-қонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының, осы ұлан-ғайыр даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бүгінгі күнімізге жеткерген батыр бабаның ұрпақтары, құрметті Arhun!
сізді әскерге шығарып саларда айтар сөзім: аман барып, сау қайтыныз. "малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп ұл-қыз өсірген елдің ұрпағысыз. қашанда жүзіңіз жарық, мәртебеңіз биік болсын! Жаратушы Ие ақ жол, сәттілік берсін!
күншілдер өледі кеудесін от қарып,
батырлар өледі парызын атқарып.
бұзықтар өледі пашаққа құлшынып,
сұлулар өледі құшаққа тұншынып
тұлпарлар өледі соңына шаң қалып,
ақындар өледі бәріне таң қалып!- деп әйгілі Қадір ақын ағамыз жырлағандай біздің халық батыр жүректі, ақын жанды болатыны әбден дәлелденген. яғни сіз жүйріктігі ғасырлар бойы өшпейтін аңызға айналған арғымақ жаратып мінген арыстан келбетті, жолбарыс жүректі батырлардың, елдің мұңын жоқтап, күннің нұрын, жердің гүлін, қыздың сырын өмір бойы тамсанып жырға қосқан ақынның ұрпағысыз. олай болса Отан алдындағы борышыңызды абыроймен атқаратыныңызға мен кәміл сенемін!!!!!!!!!!!