+1 дауыс
860 көрілді

Сәлем, достар.

SZH.KZ сайтында елімізге танымал тұлғаларымен интернет-конференциялар сериясын ұйымдастыруды бастағанымыз естеріңізде шығар. Бұл айдарымыздың қонақтарына көкейіңіздегі сұрақтарды қойып, оған ресми тұлғалардан жауап алуыңызға болатынын да білерсіз. Сонымен, интернет-конференциямыздың екінші қонағы – Альмира Бекетқызы Наурызбаева ханым.

Альмира Бекетқызы Наурызбаева,Альмира Наурызбаева

Қысқаша өмірдерек:

Альмира Наурызбаева – филолог, философ, мәдениеттанушы. Қазақстанның ЖОО-ларында 35 жылдан бері оқытушылық қызмет атқарады. Кандидаттық диссертациясын 1988 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Екі тілді әдеби-көркем поэтика» деген тақырыпта қорғаған. 2003 жылы докторлық диссертациясын «Гуманизм мәдениеттің антропологиялық концепті ретінде» деген тақырыпта қорғады. Қазіргі уақытта Абылай хан атындағы Қазақтың халықаралық қатынас пен әлемдік тілдер университетінде Шығыстану факультетінде декан болып қызмет атқарады. Альмира Бекетқызының қоғамдық қызметі еліміздегі мәдени саясатпен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Альмира Наурызбаева - ЮНЕСКО ұйымының мәдениеттің материалды емес мұралары бойынша еліміздегі эксперті.

Ал, достар, Альмира Наурызбаева ханымға еліміздегі мәдени саясаттың концепциясы мен жалпы мәдениеттің дамуына, барысына қатысты сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.

Сұрақты сайтта арнайы ашылған Альмира Наурызбаева (https://surak.baribar.kz/ask?cat=179) санатын таңдап қоюларыңызды сұраймыз. Соңғы сұрақ қою күні 23 қазан.

Интернет-конференция "Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

 

2 жауап

0 дауыс
Жауап қайтпайды бәрiбiр.
Ерте ма кеш па жауап беріледі. Сұрақтар жиналып қажетті адамға жіберіліп жатыр, жауапты күтіп отырмыз. Алдағы уақытта міндетті түрде болады.
жауап берілді
0 дауыс
Кез келген тақырыпта сұрақ қойсақ болады ма? әлде профилі бойынша ғана сұрақтарды ма?
Еліміздегі мәдени саясаттың концепциясы мен жалпы мәдениеттің дамуына, барысына қатысты сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады. :)
...