+5 дауыс
1.1k көрілді
Қазыр 52 жастамын және жұмыссызбын, ешбір мекеме жұмысқа алмайды, жұмыссыздар қатарында есепте жоқпын, ауыр жұмыстарды істей алмаймын, коречкалар бар көрсетем, жасың келмейді деп алмайды не істеуге болады?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 7- бабына сәйкес ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. 

Осыған байланысты, Сізге мамандық бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет.

Сонымен қатар жұмысқа орналастыру мақсатында Сіз сол тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуыңызға болады.

Мамандығыңыз бойынша тиісті жұмысты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган Сізді әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберуі мүмкін.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында (мекенжайы: www.enbek.gov.kz) Сіз жұмыс берушілердің деректерінің негізінде уәкілетті орган ұсынған өңірдің еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен таныса аласыз, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіптер (қызметтер) тізбесінен өз мамандығыңыз бойынша жұмыс таңдай аласыз.

Орын. Жапалбаева А.М. - Жұмыспен қамту департаменті

Ақпарат көзі: http://www.mzsr.gov.kz/kk/taxonomy/term/516

+1 дауыс
Менің жұмысыма бір апа келді сізбен қатар немесе сізден де үлкен, техничка болуға келді резюмесімен. Директор оны да жасыңыз үлкен, сізге қиын болады, ала алмайм деп жатыр еді "қолымнан келеді, 1 апта уақыт беріңіз, тегін жұмыстейін 1 апта, егер қолымнан келмесе еш ренжімеймін, жұмыстан өзім шығамын істей алмасам" деп болмай қойды, Сөйтіп 1 апта уақытта өзін көрсетіп апамыз коллективке тез үйренсіп, бәріміз жақсы көріп кеттік. 1 аптадан кейін приказ шығып жұмысқа алынды, 3 айдан кейін техничка емес, повардын курсын оқып ары қарай бізде повар болып жұмыстеді. Сіз де сол сияқты өзіңізді көрсетіңіз.
0 дауыс
Бір жерге охрана болып кіріп алсаңызшы ,ағасы? Жоқ әлде оғанда алмай жатырма?
+1 дауыс
Иә сізге сторож жұмысын, яғни қарауылшық дейді ғой сондай жұмысқа тұру керек сияқты. Айлығы көп болмайды әрине. Айлығы жақсы күзетшілікке барсаңыз, жұмысы да жауапкершілігі де көбейеді. Өзіңіз байқап қарайсыз ғой. Әуелі лицензия сатып алу керек күзетші болам десеңіз.
...