0 дауыс
27.0k көрілді
Жас Ұлан ұйымы ҰЛАСБАСЫ-ның бағдарламасының үлгісін тауып беріңіздерші!!! мысалы(егер мен жас ұлан ұйымының ұланбасы болсам..мынндай жұмыс жасар едім)

1 жауап

0 дауыс
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР «Жас Ұлан» мектеп комитеті (бұдан әрі – Комитет) – оқушылардың бірлесе басқару жүйесінің жоғарғы органы. Комитет «Жас Ұлан» РББЖҰ мен мектеп әкімшілігі алдында жауапты. Мектептің барлық оқушылық құрылымдарына Ұйымның шешімдері міндетті болып табылады. Ұйымды оқушылар арасынан сайланған Ұйымның Ұланбасы басқарады. Ұйым өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, «ҚР жоғарғы білім туралы» заңымен, «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңымен, «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ шешімдерімен, бұйрықтарымен, өкімдерімен, ережелерімен және қазіргі Жарғымен басшылық етеді. Ұйымның логотипі, бланк және басқа да реквизиттері, сонымен қатар өзінің сенім пошталары бар. II. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ • Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау; • Оқушылардың азаматтық ұстанымын, қоғамның қазіргі уақыттағы өзекті проблемаларын шешуге белсенді қатысуын ұйымдастыру; • Мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау; • Оқушылардың мектептегі оқу-тәрбие процесін дамытуға белсенді қатысу; • Оқушылар арасында Қазақстандық отансүйгіштікті, Қазақстан халықтары бірлігі идеясын насихаттау; • Оқушылардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуге қатысу; • Мектеп оқушыларының шығармашылық және басқару қабілеттерін дамытуды оқушылардың бірлесе басқару ұйымына қатысу арқылы жүзеге асыру; • Оқу ордасын үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, мектептегі өмірінің дәстүрін қалыптастыру; • Осы Жарғының сақталуын қадағалау; • Оқушылар арасында республика көлемінде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылау жұмыстарын жүргізу, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның дамуында белсенді ұстанымға тәрбиелеу; • Мектеп оқушыларының әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру; • Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың ғылыми қабілетін дамытуға атсалысу; • Талантты оқушыларды марапаттауға ұсыныс жасау; • Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; • Оқушылардың бос уақытын мазмұнды, тиімді өткізуін ұйымдастыру; • Білім беру мекемесі оқушыларының бірлесе басқару органының, құрылымдық бөлімдерінің қызметіне басшылық ету. (топбасы, бөлім басы және т.б.); • Басқа мектептермен, жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарымен байланысты нығайту. III. КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ Комитет құрамы Ұланбасыдан, Ұланбасы орынбасарларынан, Бөлімбасылардан, Старосталардан және өзге де құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Ұйымның Ұланбасы Осы лауазымға берген оқушылардың өтініші және қажетті құжаттарын ұсына отырып мектеп Ұланбасын сайлауға қатысады. Ұланбасы жалпы мектепішілік ашық дауыс беру арқылы сайланады; Ұланбасы мектеп оқушыларының алдында және «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ алдында жоспарға сай есеп береді; Ұланбасы ұйымды 1 жыл уақыт аралығында басқарады. Басқару уақытын ұзарту, оның жұмысының сапасымен және нәтижесімен бағаланады. Ұланбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Барлық міндеттер мен бағыттардың орындалуын қадағалау; • «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ берген тапсырмаларын орындауын іске асыру; • Оқушылардың ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқығын қорғау; • Мектеп оқушылары атынан жиналыстарға қатысу; • Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс істеуін қадағалау; • Бөлімбасылары мен Старосталардың есебін тыңдау және бекіту;; • Белсенді оқушыларды мадақтауға ұсыныстар енгізу; • Жоспарлауға және мектеп педагогикалық кеңестеріне қатысу. Комитеттің үлгі бөлімдері 1. Мәдени-тәрбиелік бөлімі; 2. СӨС бөлімі; 3. Сыртқы істер бөлімі; 4. Ақпарат бөлімі; 5. Ғылыми бөлім. Ұйымның Бөлімбасылары Бөлімбасылары құрамына үміткерлерді Ұйымның Ұланбасы мектеп кеңесінің жиналысында ұсынады. Кеңес мүшелері ашық сайлау арқылы Бөлімбасыларды таңдайды.Бөлімбасылар аптасында бір рет Ұланбасы алдында есеп береді. Бөлімбасылар 1 жыл уақытқа тағайындалады. Басқару уақытын ұзарту, оның жұмысының сапасымен және нәтижесімен бағаланады. Мәдени-тәрбиелік Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру; • Концерттік бағдарламалар, байқаулар ұйымдастыру; • Волонтерлар тобынның жұмысын белсендіру; • Халықаралық және республикалық конкурстарға қатысатын оқушыларға көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.). Салауатты өмір салтын насихаттау Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әр түрлі акциялар мен конкурстар өткізу; • Спорттық шаралар ұйымдастыру; • Халықаралық және республикалық спорт конкурстарына қатысатын оқушыларға көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.).О • Оқушылардың спорттық жетістіктерімен хабардар болу; • Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізу. Сыртқы істер Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Қалалық және республикалық ұйымдармен байланыс орнату бағытында жұмыс жасау; • Жасөспірімдер өзін өзі басқару органдарының басқа мектептердегі ұйымдарымен байланысты нығайту; • Қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру; • Мектеп шараларында хаттама мен бағдарламаның орындалуын қадағалау. Ақпараттық Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Мектептегі БАҚ-ты (газет, радио және web-сайт) оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз ету; • Аталмыш құрылым туралы БАҚ-та жарияланған деректерді жинап отыру; • Жергілікті және республикалық БАҚ-ты мектеп оқушыларының жетістіктері мен жаңалықтары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету; • Жас журналистер мен қаламгерлердің шығармашылығының БАҚ-та жариялануына ықпал ету; • Мектепте қабырға газеттерін жасап отыру; • www.zhasulan.kz сайты мен оқушыларға арналған әлеуметтік желісін алға тарту; • Жас журналистер мен қаламгерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізіп отыру. Ғылыми Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары: • Мектеп қабырғасында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру; • Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу; • Халықаралық, республикалық оқушылардың ғылыми конференцияларын, симпозиумдары мен жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу; • Оқушыларды ғылыми жаңалықтардан хабардар етіп отыру; • Республикалық, халықаралық конкурстарға қатысу, жобаларды жүзеге асыру. Сынып Старостасы Староста – Комитет шешімдері мен тапсырмаларын сынып деңгейінде жүзеге асырады. Староста осы Ереже мен Комитет шешімдерін өзінің қызметіне басшылыққа алады. Староста сынып оқушыларының арасында сайланады. Староста Ұланбасы және Бөлімбасылар алдында жоспарға сай есеп береді. Старостаның атқаратын міндеттері мен функциялары: • Староста өзінің жұмысын жүзеге асыруда жауапты болады; • Сыныптың ішкі тәртібі мен осы Ереженің қолданылуын қамтамасыз ету; • Комитетті оқу және әлеуметтік-тәрбие аумағында туындаған мәселелермен хабардар ету; • Комитеттің тәртібі мен заңдарының сақталуына жауап береді; • Белгіленген тәртіп бойынша сынып оқушыларына байланысты жиналыстар мен кеңестерге қатысу; • Басқа сыныптың Старосталармен біріге отырып оқушылар мәселелері жайлы жоспарлар құру; • Белсенді оқушыларды марапаттауға ұсыну. IV. ҰЙЫМҒА МҮШЕЛІК Ережеге сәйкес, бірлесе басқару ұйымының барлық қатысушы оқушылары Комитет мүшесі бола алады. Егер Комитет мүшесі өрескел түрде осы Ереженің талаптарын бірнеше рет бұзған жағдайда Комитет мүшелігінен шығарылады. Комитет мүшелері құқылы: • Комитеттің Кеңейтілген жиналыстарында ұсыныстар мен сұрақтарды талқылау; • Құрылымдық бөлімдер жиналыстарына қатысу; • Бөлімбасылар алдында сұрақ қоюға, оларға өтініш жазуға, ұсыныстар енгізуге және жауап талап ету; • Комитет мүшелерінің жұмысы туралы ақпаратты білу; • Ұйымның барлық мерекелік іс-шараларына қатысу; Комитет мүшелерінің міндеттері: • Осы Ережені сақтау; • Комитет жұмысына белсенді қатысып, қабылданған шешімдер мен қойылған талаптарды орындау; • Комитет беделін арттыру, оның қызметінің дамуына қатысу, Мектеп мәртебесінің артуына көмектесу, жасұландық дәрежесін биік ұстау; • Комитеттің және Ұланбасының шешімдерін орындау және құрылымдық бөлімдермен үнемі байланыста болу; • Комитет қатарына жаңа белсенді оқушыларды тарту; • Комитеттің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау және қорғау.
...