0 дауыс
45.5k көрілді
Құрғақ бет күтімі? толықтай ақпарат керек

2 жауап

+1 дауыс
Құрғақ бетке арналған маскалар
Құрғақ тері үнемі ылғалды қажет етеді. Мұндай теріге тек қана ылғалдандыратын крем жағып тұру жеткіліксіз. Себебі құрғақ бет ерте  қартаюға бейім екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оған аптасына 1-2 рет құрамында өсімдік майлары, витаминдер бар заттардан маскалар жасап тұрған жөн. Мұндай маскалар көбіне сүт, ірімшік, айран, жұмыртқа сары уызы, түрлі майлардан жасалады.
Ірімшік маскасы
Бұл маска бет терісін жақсы әрлендіріп, ағартады. Оны дайындау үшін 1 шай қасық ірімшікті сүтпен, зәйтүн майымен және сәбіз шырынымен араластыру қажет. Бетке жағып, саусақтарыңызбен біраз массаж жасаңыз. 20 минуттан соң жуып тастаңыз.
Балдан жасалатын маска
Балдан жасалатын маска бетті жақсы ылғалдандырып, тазартады. Ыдысқа 1 жұмыртқа сары уызын салып, оны 1 ас қасық балмен және күнбағыс майымен араластырасыз. Алынған қоспаны біраз жылытып, бетке 2 қабат етіп жағасыз. 10-15 мин ұстайсыз.
Қауыннан жасалатын маска
Бұл масканы жасау үшін Сізге 1 кішігірім піскен қауын қажет болады.  Оны тазалап, жіңішке тілімдерге бөліп турайсыз. Сол тілімдерді бетіңізге қойып, 20 минуттан соң алып тастайсыз.
Сәбіз маскасы
2 сәбізді үккішпен ұсақтап үгіп, жұмыртқа сары уызымен араластырыңыз. Бетке жіңішке қабат етіп жағып, 20-30 мин. ұстаңыз. Масканы ылғалды сүлгімен немесе мақтамен алып тастаңыз. Аптасына 2 рет жасаған жөн.
Аскөктен жасалатын маска
1 ас қасық ұсақ туралған аскөкті алып, 1 шай қасық зәйтүн майы және сұлы ұнымен араластырыңыз. 20 минут бетте ұстап, жуып тастаңыз.
Наннан жасалатын маска
Нанның жұмсағы, жұмыртқа сары уызы, 1 ас қасық сүт, 1 ас қасық ерітілген сары май, өсімдік майының бірнеше тамшысын алып, бәрін араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минуттан соң жуып тастаңыз.
Қызанақтан жасалатын маска
1 орташа қызанақты үккішпен үгіп, крахмал қосыңыз. Қоспаға эфир майы немесе зәйтүн майының бірнеше тамшысын қосып, бетіңізге жағыңыз. Ұстау уақыты – 20 минут.
Кілегейден жасалатын маска
100 г кілегей, 1 жұмыртқа сары уызы, 1 лимон қабығы қажет. Лимон қабығын  кофетартқышпен ұсатып алғаныңыз жөн. Барлық ингредиенттерді араластырып, 15 минутқа бетін жауып қалдырасыз. Содан соң 1 ас қасық зәйтүн майын қосып, тағы да араластырыңыз. Масканы 20-25 минут ұстау керек.
Қияр маскасы
1 ас қасық қияр шырынын 1 ас қасық кілегей немесе қаймақпен араластырып, бетіңізге жағыңыз. 20-25 минуттан соң жуып тастаңыз.
0 дауыс
Бет күтімі

Әдемі болу үшін бет күтімі қажет. Бет терісінің күтіміне немқұрайлы қарамау керек . Сондықтан сіздерге үй жағдайында бет күтімі туралы кеңестер ұсынамыз. Құрғақ бет күтімі, пайдалы кеңестер, және арнайы маскалар.

1. Бетті тазарту

Беттке негізінде сабынды көп қолданудың қажетті жоқ. Майлы беттерге арнайы бетке арналған гельдерді пайдаланған дұрыс.

Ал құрғақ бет терісіне аса ұқыптылықпен қарау керек.

2. Маскалар

Бетті әрлейтін маска: Сәбізді үккіштен өткізіп, жұмыртқаның ағымен араластырасыз,одан кейін 1 шай қасық өсімдік майын, аз ғана мөлшерде крахмал қосып,бет терісіне ,мойыныңызға,арқаңызға жағып, 20-30 минуттан соң, жылы сумен жуасыз.

Құрғақ бетке арналған маска . 1 жұмыртқаның сарысы, 1 шәй қасық өсімдік майы, бірнеше тамшы лимон шырыны мен 1 шәй қасық бал барлығын жақсылап араластырып бетке жағамыз. Бұл маска бетті нәрлендіреді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...