0 дауыс
523 көрілді
Ірі қара туралы физиология керек еді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойыЕуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.

Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.

Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды. Сиырдың үстіңгі жақсүйегінде күрек және ит тістер болмайды және маңдай тұсынан екі мүйіз өсіп шығады. Омыртқа жотасы мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен, соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады. Иық белдеуінің құрылысы күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда бағана сүйектері болмайды. Сиырда екі алдыңғы және екі артқы аяқтары болады.
...