+1 дауыс
2.0k көрілді
Эбола ауруы Қазақстанға той арқылы келуы мүмкін деген пікір қаншалықты рас? Жамбыл мен ОҚО-нан басталады деген пікір бар екен?
Той деген кәдімгі той ма?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан шекарасына 2015 ж келуі мүмкін деп Нур кз сайтынан оқығанмын.Бірақ, құдай сақтасын.. Сақтансаң сақтаймын дейді, сондықтан алдын алу шараларын жасау керек..

Егер жуық арада Эбола вирусына қарсы вакцина жасалмаса, 2014-2015 жылдары қауіпті ауру Қазақстанға да келуі мүмкін. Оның ауа арқылы ғана емес, топырақпен де таралуы ықтимал, - деп жазады "Мегаполис".

Басылымның мәліметінше, басты мәселе - вирустың инкубациялық кезеңінің 21 күн екені, айталық, әлемді дүр сілкінткен Заир эболавирусы, ол ауру адамға жақындағаннан-ақ жұғады.

Қазақстан әзірше Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне елдерімен ешқандай байланыс жасап отырған жоқ, сол себепті аурудың елімізге келу қаупі байқалмайды. Дегенмен бұл жұқпалы аурудың Қазақстанға Еуропа немесе АҚШ, Үндістан, Таиланд немесе Түркия арқылы жетуі ықтимал.

Ыстамбұлға Киншаса (Конго) мен Лагостан (Нигерия) аптасына бес тікелей рейске дейін келеді. Ауру ошағы - Батыс Африка елдерінен Үндістан мен Таиландқа да әуе қатынастары жақсы дамыған.

Аурудың құрлық арқылы таралуына келсек, Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасы анағұрлым қауіптірек. "Егер Ташкенттің немесе Бішкектің тұрғыны шетелде, айталық, Ыстамбұл, Дели немесе Бангкоктың әуежайында африкалық рейстің жолаушысымен сөйлессе, ал ол Эбола вирусын жұқтырған болса, бірнеше күннен соң ташкенттік немесе бішкектік тұрғын ауырмағанымен, вирус жұқтырған күйі Оңтүстік Қазақстан облысына немесе Жамбыл облысына тойға баратын болса, біздің мамандар Сарыағаштың немесе Қордайдың өткізу пунктінде Эбола жұқтырған адамды бірден анықтай ала ма?" - деп сұрайды басылым.

Тамыз айының соңында Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Айтмағамбет Жолшоринов қазақстандық телеарналардың бірінің эфирінде Қазақстанда Эболаға қатысты ахуалдың қауіп туғызбайтынын айтқан еді. "Бізде адамдардың бұл инфекцияны жұқтыруына себеп болатын жағдайлар жоқ. Ауру тек қана оңтүстікафрикалық елдерде кездеседі. Әдетте адамға бұл ауру вирус жұқтырған шимпанзеден немесе горилладан берілуі мүмкін. Ондай жағдай бізде жоқ", - деген болатын Жолшоринов.

Еске сала кетейік, Эбола безгегі Батыс Африкада - Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея, Нигерия, Конго және Сенегалда жылдам таралып жатыр. Ауру АҚШ, Испания,, Норвегия, Австралия және басқа да елдерде тіркеле бастады. Ауру жұқтырғандардың арасында Батыс Африкадан еліне келген азаматтар да, Африкада ешқашан болмаған азаматтар да бар.
0 дауыс
әдейі істеп жатыр ( вирусты ашиннен ашин шығарған жоқ)
+1 дауыс

Ресейде Эбола вирусына қарсы вакцина ойлап табылды.  Бұл жөнінде Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қомитет төрағасы Әлиақпар Матишев мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Эбола қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу шаралары да жүргізіліп жатыр.

КСМ: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2014 жылдың 10 қазанында Африка елдері халықтарының арасында Эбола дертімен  8399 адам тіркелген. Аурудың өршуіне  сәйкес бүгінгі күнде Астана және Алматы қаласындағы мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пунктерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және шет елден келетін басқа адамдарға күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр

СНХ: Әлиақпар МАТИШЕВ – Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасы

КСМ:  Қазақстан Батыс Африка елдерімен ешқандай байланыс жасамағандықтан, аурудың елімізге келу қаупі әзірше байқалмайды. Дегенменде бұл жұқпалы аурудың бізге Еуропа немесе АҚШ, Үндістан, Тайланд немесе Түркия арқылы жетуі ықтимал.

0 дауыс
Бұл аурудан ешқандай мемлекет сақтандырылмаған. Алла сақтасын!
+3 дауыс
ауруды Американдыктар таратып отыр; Американдар Африкага барып вирусты таратты; тараткан себеби Африканы жаман томен мемлекет деп корсетип Африканы тугелдей жоймакшы, оның емін сол Американдар біледі, бірақ азыр ашып айтпай отыр, Африка тугелдей курдымга тускен сон барып емын тапкандай болып кайта калпына тусиреди, Бизге де кауыпы бар шет елден ауежай аркылы келетин рейстерди жабу кажет, жемыс жидеккеде емкурайлы карамай зерттеуден откизип карагандары дурыс сактыкта корлык жок дегендей сак болайык, баримиз Аман болайык
+1 дауыс

Жалпы АҚШ Биологиялық қару, бактериологиялық қару арқылы жасап жатқан амалы

АҚШ кей мемлекеттерге кадимги соғыс ашып, басқаларға басқаша ашып жатыр,

осыған дейін көп аурулар қолданып жасалынған. кез келген аурудың емі бар. 

–1 дауыс
Ағайындар ЭБОЛА ауруы банан, ананас, тропикалық жемістер арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан ол жемістерді тұтынбаңыздар деймін. АМАН БОЛАЙЫҚ АҒАЙЫНДАР!!!
+1 дауыс
эбола бұрын 1800 жылы ау димн сол жылдары пайда болды диді ғой негізі.оны неден екенін накты ешкм блмейт.сол 1800  жылы 2-3 адам аурган деп естідім.Алайда ол кезде ешкандай казіргі сиякты таралмаган гой.боланың калай пада болнанын неден екенін  ешкім де білмейтін сикты немесе біледі.Жасырып отыр??????
0 дауыс
Жоқ той арқылы келмейді ол өтірік
...