+3 дауыс
Сізді фейсбук пен твиттер әлеуметтік желілерінен іздеп көрдім. Таппадым. Бәлкім, дұрыс іздемеген болармын. Әлеуметтік желілерде барсыз ба? Егер аталған екі әлеуметтік желіде және басқа да әлеуметтік желілерде бар болсаңыз, онда өзіңіздің парақшаларыңызға сілтеме бере аласыз ба?

Қазір Қазақстанда қоғамдық пікір қалыптастыруда әлеуметтік желілерді пайдаланудың күшеюі анық байқалады. Егер әлеуметтік желілерде жоқ болсаңыз, не бар болғаныңызбен жүйелі түрде жүргізіп отырмаған болсаңыз, онда сізге бұрынғы Айтпарктің жетекшісі ретінде бүгінде неліктен бұқарамен байланысты жеңілдететін әлеуметтік желілерде белсенді болмасқа?
14.10.2014 797 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Мен жолға жиі шығамын және адамдармен бетпе-бет сөйлесемін, сосын Интернет пен компьютерге уақытым жоқ. Тікелей кездесіп отырып, әңгіме-дүкен құрғанға ештеңе жетпейді деп санаймын және осы ережеден ауытқымауға тырысамын.

Нұрлан Ерімбетов

28.10.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы