+3 дауыс
Баяғыда Айтпарк деп аталатын пікір алмасатын алаңыңыз болып еді. Сондай алаң қазір керек деп ойламайсыз ба?
13.10.2014 677 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Керек, пікір алмасу өте қажетті деп ойлаймын..Ерімбетовтің «АйтПарк» пікір-сайыс клубы жақсы болып еді..
13.10.2014
үздік деді
+2 дауыс

Бұрын біреуі болып еді, қазір басқасы бар. Мен Астана телеарнасыда «Открытая студия» бағдарламасын жүргіземін. Жаңа жылдан бастап Астанада мен құрған «Эксперт» атты жаңа пікірталас клубы жұмыс істей бастайды. Бұл жоба да түрлі қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға бағытталған.

Сонымен қатар, мен жолға жиі шығамын, аймақтарда елмен кездесемін. Азаматтық альянс жұмысы түрлі мәселелер бойынша қоғамдық дискуссияларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұған қоса проблемаларды зерттеу және шешімін табу бойынша жұмыс істейтін үлкен командамыз бар. Мысалы, Азаматтық альянс базасында жеті салалық комитет құрылды, олардың әрқайсысы денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты, ТҮШ мәселелері және тағы басқалар бойынша жеке диалогтық алаң болып отыр.

Осылайша менің Айт парк аясында жүргізген жұмысым қазір мүлдем басқа деңгейге шықты және бұрыннан да көп мәселелер санын қамтып отыр.

Нұрлан Ерімбетов

28.10.2014
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы