Тек үлкендерді ғана емес, сан мезет балаларды да өткізіп жібергем. Өйткені, менің байырғы жұмыс орным мектепке таяу маңда болған еді. Тисінше, бала да көп. Бір күні бағдаршамда жасыл түстің жануын күтіп тұрсам, бір орыстың 7-8 жасар қызы жүгіріп келіп, қолымнан қысып ұстап алды... Ештеңе де айтпайды қызығы. Іштей пысықтығына риза болдым. Жолдың арғы бетіне өткеннен соң: "Тетя, большой рахмет!" деп қояды өзі.