+3 дауыс
353 көрілді
Мен жұбайыммен заңды түрде ажыраспақшымын. Бізде ортақ мүлік – 3 бөлмелі пәтер бар. Мүлікті бөліскенде әр қайсымызға теңдей бөліне ме, әлде балалардың кімде қалатынына байланысты ма?

3 жауап

+1 дауыс

Егер ортақ мүлікті бөлу мәселесі жөнінде дау тумайтын болса, онда Сіздердің келісіміңіз бойынша бөлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда ортақ мүліктегі әр-қайсыңыздың үлес мөлшерін жұбайыңызбен бірге келісім арқылы айқындайсыздар. Мұндай келісім міндетті түрде нотариатты куәландырылуы тиіс.

Ал дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

«Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабына сәйкес егер ерлі-зайыптының арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде олардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.

Сонымен қатар, егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.

+1 дауыс
Егер пәтер отбасы құрылғаннан кейін алынған болса, ол ортақ мүлік болып саналады. Үйленгенге дейін алынған болса, онда пәтер еркекте қалады. Ортақ мүлік теңдей бөлінеді.
0 дауыс

Сен күйеуіңді сүйіп емес, дүниесін сүйіп үйленген сияқтысың.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
Айдана 19.10.2016 Заң сұрақ қойды
...