+2 дауыс
544 көрілді
Есі ауысқан деген диагнозбен мүгедектікке шығуға бола ма? Дәрігерлер менің қайныма шизофрениямен (есалаң ауру) ауырады деген диагноз қойған. Қазір оның жағдайы мүлдем мүшкіл. Жұмыс істеп, айлық таппағандықтан қатты қиналып кетті. Туыстары да жәрдем бере алмай жүр. Осы ретте сұрайын бегенім, мұндай диагнозбен ауыратын адамдар мүгедектікке шыға ала ма?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мүгедектік пен еңбекке қабілеттілікті жоғалту деңгейін анықтау Үкіметтің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 750 қаулысына (2008 жылдың 29 қарашасында өзгертулер енгізілді) сәйкес іске асырылады. Қаулының 7-тармағына сәйкес, ауру тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға қаралып, диагностикалық, емдеу-сауықтыру шараларынан өтеді. Соның нәтижесінде ағзаның тұрақсыздығы белгілері байқалса, дәрігерлік-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Сараптама комиссиясы объективті тексеру мен бағыттама негізінде шизофрениямен ауыратын адамның еңбекке жарамдылық деңгейін анықтайды. Шизофренияның ауыр түрі мүгедек деп тануға негіз бола алады. Комиссия шығарған қорытынды мен 088/у формасының дұрыс-бұрыстығына аумақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің методология және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімі мамандарының көмегімен көз жеткізуге болады.

0 дауыс
Есі ауысқан деген диагноз жоқ. Шизофрения, олигофрения, идиотизм деген сияқты диагноздар бар. Жұмысқа жарамаса, ауруханада емделіп, тексерілгеннен кейін зейнетке шығарылады.
Менде комплекс неполноценности, шизофренениенің белгілері бар, психиатрға барсам сен сау адамсың деп емдеуден бас тартады, тіпті анықтама да бермейді..енді не істеймі
0 дауыс
Дәрігер психиатр солай айса, демек солай болғаны да. Комплекс неполноценности синдромы екінің бірінде бар.
0 дауыс
Есi ауысқандарға мүгедек деген диагноз қоюға болмайды.
0 дауыс

Оны құзырлы орындардан барып білсеңші.

...