Мүгедектік пен еңбекке қабілеттілікті жоғалту деңгейін анықтау Үкіметтің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 750 қаулысына (2008 жылдың 29 қарашасында өзгертулер енгізілді) сәйкес іске асырылады. Қаулының 7-тармағына сәйкес, ауру тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға қаралып, диагностикалық, емдеу-сауықтыру шараларынан өтеді. Соның нәтижесінде ағзаның тұрақсыздығы белгілері байқалса, дәрігерлік-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Сараптама комиссиясы объективті тексеру мен бағыттама негізінде шизофрениямен ауыратын адамның еңбекке жарамдылық деңгейін анықтайды. Шизофренияның ауыр түрі мүгедек деп тануға негіз бола алады. Комиссия шығарған қорытынды мен 088/у формасының дұрыс-бұрыстығына аумақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің методология және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімі мамандарының көмегімен көз жеткізуге болады.
Оны құзырлы орындардан барып білсеңші.