0 дауыс
11.9k көрілді

4 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
сау келе жатыр деген мағынаны береді. алыстан қарағанда сәукеленің асыл тастары күнге шағылысып жарқырап қыздың аман-есен келе жатқанын байқатқан. егер сәукелені көрген жағдайда келінге жолда ешкім тиіспегенін білген
дұрыс айтасыз, сау келе жатыр деген мағынада))) музейде осылай айтқанды бір досым, "сау келмегенде енді ішіп келуші ме еді" деп от души күлгеніміз бер еді)))))
Сәукелесі кисайып келе жатса „сау емес„ дегені ғой сонда (rofl)
+3 дауыс
Қызық екен. Сәукелені – “сау келеді” деген мағына береді деп кім ойлаған? Көп нәрсеге расында мән бермейміз.
+5 дауыс
Жоғарыдағы Алфия деген қарындасым өте дұрыс жазыпты, бірақ бағалауда 2 "минус" қойылыпты. Өздері білмегенімен, білген біреуге "минус" қоюларың дұрыс емес, іштарлық, көралмаушылық дер едім. Тым жақсы сұраққа жақсы жауап берілген. Өзім де қосып кетейін білгенімді.
Сәукеле ұзатылған қыздың қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін киімі. Келін болғасын сәукелені орамалға ауыстырады. Баяғыда байлар сәукелені өте қымбатқа жасатқан,  сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын қарақшылар болған.  Сондықтан, сәукелелі қалыңдықтың амандығын көріп, күтушілер «сау келеді, сау келеді»-лесіп ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.
+6 болыпты енді)
+3 дауыс
Сәукелені неліктен сәукеле атаған?

Алдыман Сәукеле жайлы сөз қозғасақ.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.

Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.»деп жазылған malimetter.org сайтында.
Дегенмен оның неліктен сәукеле аталатынын білесіздер ме? Неге Бәукеле емес, неге сәукеле деген ой мазаламады ма бастарыңызды.Менікін мазалап еді бұрынырақта.
Жоғарыда атап өткеніміздей сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі. Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған. Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз)))).Әйтеуір бір-ақ рет киетіні ақиқат. Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған екен. сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз. Міне, осындай Сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын қарақшылар сол замандарда да бар еді. Ал, келінді күтіп отырған ауылдың балалары қозы көш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп (бұл жерде адам амандығы бірінші орында тұр,қарақшылар пышақ тіреп сәукелені ғана алып кетпеген. Шағын ғана күйеу һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездерде болған деседі) «Сау келеді, сау келеді»-лесіп ауылға қарай шабатын болған деседі.
Мұңалдың жазғандарын сөзбе-сөз көшіргенің ұят емес пе,Берік?
Шынымды айтсам мен мұңалдын жазбасын көшірген жоқпын. Бір блогта сәукеле туралы тұр екен. Бірден көшіре салып қоя салдым. Оқыған да жоқпын. Қай сайт екенің де білмей отырмын. Негізі бұл мақала malimetter.org сайтынан алынды. Кішкене ойлансан болар еді. Менің жазған жауабым тым ұзақ. Ал Мұңалдікі қысқа.
...