0 дауыс
1.4k көрілді
Алименттің пайызын қысқарту туралы заңда көрсетілген бабы бар мекен және қандай жолдары бар. Матерялдық жағдайыма байланысты. Қазір отбасым бар.

1 жауап

0 дауыс
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен белгіленген алимент мөлшері: сот бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бір бөлігін; екі балаға — үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Алайда осы баптың 2-бөлігіне сәйкес бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
...