+1 дауыс
821 көрілді
Менің бауырым әйелімен ажырасқысы келіп жүр. Некеден бір баласы бар, бала әкесінде қалу үшін не істеуге болады? Және қандай жағдайда әкесіне қалдыруға болады?

1 жауап

0 дауыс

Армысыз. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 22-бабына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар өзінің тегін таңдауды некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеу кезінде шешеді.
Егер ерлі-зайыптылар арасында жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:
1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;
3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;
4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға міндетті.
Аталған Кодекстің 73-бабының 2-тармағы бойынша ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

...