+1 дауыс
4.4k көрілді
Борышкер ресми түрде ешқайда жұмыс істемейді, нақты табысы жоқ. Оның ағасы жеке кәсіпкерлігін ашып борышкерді өзінде тіркемей оған жалақыны қолма-қол береді. Сот орындаушылардың айтуларынша, борышкер жұмыссыз болып есептелінеді. 5 жылдан бері ол баласына айлық жалақысының орташа мөлшерінен ¼ бөлігі алимент төлеп жүрген. Яғни ай сайын 10000 – 16 000 теңгеге дейін төлеп келе жатқан. Бірақ соңғы айларда борышкер алиментті аз төлейтін болған (4 360 теңге). Менің талаптарыма көнбей, одан көп төлемеймін. Себебі, менің төлеп жүрген ақшам заңды деп маған жауап қайтаратын болды. Сот орындаушыларға барсам, олар да оның сөзін сөйлейді. Сонда қалай, 4 360 теңге балама жетпейді ғой. Не істесем болады? Борышкер мен сот орындаушылардың бұл әрекеті заңды ма?

2 жауап

0 дауыс
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 3-тармағына сәйкес егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде тұрған өңірдегі (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы) орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.

Алайда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағында кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындау-шысы айқындайды, ал егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып айқындалады деп белгіленген.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы бойынша нормативтік құқықтық актілер сатысында кодекстер заңдардан жоғары тұр және заңдарға қарағанда күштірек. Ал бұл дегеніміз – кодекстер мен заңдарда қарама-қайшылық болған кезде кодекстердің нормалары қолданылады.

Яғни борышкердің алиментті 4 360 теңге мөлшерінде төлеуі заңды.

Менің ойымша, болашақта мұндай түсінбеушілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заң шығарушы органға «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңды «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкестендіру қажет немесе кодекске тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу керек.
0 дауыс
Ол отирик Онын толемеген айын толетуге болады менимен хабарлас барлыгын тусиндирип беремин Адвакат юрист 87056918724.
...