0 дауыс
856 көрілді
Қазақстан Азаматтық альянсының мақсаты, атқарып жатқан қызметтеріне тоқталып кетеңіз?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанның Азаматтық альянсы – түрлі қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша құрылған заңды тұлғалардың ірі бірлестігі. Қазіргі кезде Азаматтық альянс еліміздегі 500-ден астам ҮЕҰ-ды біріктіріп отыр.

Біздің басты мақсатымыз –қоғамның, ҮЕҰ-дың мүдделерін қорғау және білдіру, түрлі деңгейде – бизнес құрылымдар, әкімшіліктер, Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдарға олардың мүдделерін жеткізу.

Біздің маңызды бағыттарымыз – әр  екі жыл сайын – Үкімет пен әкімдер ҮЕҰ-дың алдында есеп беретін Азаматтық форумды ұйымдастыру. Сондай-ақ біз жемқорлықпен күрес, үкіметтік емес ұйымдар желісін көбейту, Қазақстандағы ҮЕҰ-дың байланыстарын күшейту және ҮЕҰ-дың корпоративтік этикасын дамытумен айналысамыз. Бұл бағыттағы біздің жұмыстарымыздың бірі ҮЕҰ-дың ар-ұждан Кодексін дайындау –бұл ҮЕҰ-ға теріс бағыттағы бәсекелестіктен бас тартып, өз қызметтерін кәсіби деңгейде және нақты бір салаларда жүргізуін ұсынады. Сондай-ақ үкіметтік емес салада әлеуметтік қызметтердің стандарттарын дайындау идеясын қолға алудамыз. Бұл мәселелердің барлығы саланың ары қарай дамуы үшін маңызды.

Қазіргі кезеңде біз үшін басты тапсырма – ҮЕҰ-ды қаржыландыру бойынша заңға өзгеріс енгізу. Біз бұл ретте гранттар мен жүлделерді бөлу, сондай-ақ ҮЕҰ-дар үшін қаражат бөлу үшін конкурс өткізу шарттарын азайту ұсынылады.  

Қазіргі кезде бұл заң қоғам және Азаматтық альянс тарапынан мақұлданып, Үкіметтің қарауына ұсынылды. Біз биылғы жылы осы заңның қабылдануына қол жеткізбекпіз. 

Нұрлан Ерімбетов

...