+1 дауыс
19.0k көрілді
Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Жазғы демалыс. Күзгі жиын-терін. Жасыл. Жапырақ. Ағаш. Қазақстан. Респулика. Кең. Халық. Суретші. Өмір. Сурет. Дала. Малды ауыл. Ыстық. Ел. Тіршілік. Отан.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен өзімнің туған өлкемді қатты ұнатамын. Менің ауылым таулы жерде орналасқан. жаз мезігілінде тау етегінде көк шөп пен хош иісті гүлдер жайқалып тұрады. Одан төменіректе сылдырлап мқлдір өзен ағып жатыр. Биыл да мен жазға демалысымды әдетегідей ауылда өткіздім. Күзі жиын-терін басталғанға дейін ауылда демалып, өзенге шомылып, тауға шығып бүлдірген тердік. Жайнаған жасыл шөпке аунап-қунап бір тынығып қалдым. Ауладағы жеміс ағаштары биыл да көптеп шие, алма, шабдалы өнімін берді. Қазақстан Республикасының ірі орталықтарынан шалғай орналасқан бұл ауылда халық саны да көп емес, қонақтар да жиі келе бермейді. Мен ауылда болған сәтімде көрші үйге қаладан суретші ағай келіп қонақ болған. Ол бар уақытын тауға шығып, табиғатты тамашалаумен, және соны қағазға түсіріп, сурет салумен болды. Өмірімде кәсіби суретші көрмеген мен оның суреттерін көріп, таң-тамаша қалдым. Біздің көзіміз үйренген осынау дала  суреттен қарағанда, жан біткендей құлпырып тұр. Тау бөктеріндегі өзім туып-өскен малды ауылдың кейпі мүлде керемет. Көзіме ыстық болып оттай басылған сурет - күндіз тіршілігі қайнаған ауылдың түнгі тып-тыныш келбеті еді. Суреттерді қараған сайын, туған елімнің қадірі көз алдымда арта түскендей болды. Суретші ағадан өтініп сұрап, өз Отанымның түнгі келбетін алып қалдым.
0 дауыс
Сабантой,кузаинтересовала жиын-терим,улттык ким,укили борик,камешек, такия,куй Тарту создер именно
...